» » Жарқын болашақ – сапалы білімде

Жарқын болашақ – сапалы білімде

ӘРБІР ЕЛДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН ТҰҒЫРЫНЫҢ БЕРІК БОЛУЫ ТІКЕЛЕЙ БІЛІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ. ЗАҢҒАР ЖАЗУШЫ МҰХТАР ӘУЕЗОВ «ХАЛЫҚ ПЕН ХАЛЫҚТЫ, АДАМ МЕН АДАМДЫ ТЕҢЕСТІРЕТІН БІЛІМ» ДЕП, ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ БІЛІМНІҢ ОРНЫН АЙҚЫНДАҒАН. РАСЫМЕН ДЕ, РУХАНИ, МӘДЕНИ САЛАНЫҢ НЫҒАЮЫНА, АДАМДЫҚ ҚАСИЕТТІҢ ЖОҒАРЫЛАУЫНА, ОСЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ЕЛДІҢ АЛҒА ӨРЛЕУІНЕ БІЛІМНІҢ ҒАНА ҚҰДІРЕТІ ЖЕТЕТІНІ КҮННЕН-КҮНГЕ АЙҚЫНДАЛУДА.
Елімізде де білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы. Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана ұшпаққа шығатынымызды ескерсек, бұл мәселе ұдайы назарда болуы тиіс. Бүгінде мұғалімдер мен оқушылардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын жақсарту жолдары бірізділікпен жүйелі жолға қойылып келеді. Ел Президентінің жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде де білім саласы назардан тыс қалмайды.
Жақында өткен ҚР Парламент Мә­жілісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен білім ел дамуының құрамдас бөлігі екенін айта келе, білім саласын өрге жетелеудің бірнеше мәселесіне тоқталып өтті.
Президент ең алдымен сапалы білімді қолжетімді ету қажеттігін айтты. Өйткені қоғам дамуының басты факторы сапалы білімді меңгерген білікті маман екені айқын. Бұл бағытта елдегі білімге құштар, дарынды жастарға қолдау көрсетілмек. Әсіресе ауыл жастарының сапалы білім алуына жағдай жасалып, таланттардың танылуына жол ашылмақ.
Ал сапалы білімді беріп, саналы ұрпақ тәрбиелейтін – ұлағатты ұстаз. Сананы тұрмыс билеген бүгінгі қоғамда мұғалімнің қажымас еңбек етіп, сапалы білім беруі, оның әлеуметтік жағдайының деңгейімен де тікелей байланысты екені рас. Бұл ретте Мемлекет басшысы «мектептерді жақсы мұғалімдермен қамтамасыз етпейінше, білім сапасын көтеру мүмкін емес» деп ұстаздардың әлеуметтік жағдайының маңызды еке­нін алға тартты. Себебі ол әлеуметтік мәселелерге алаң қылмай, алаңсыз сабақ беруі тиіс. «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөзі қайта жаңғырып, ұстаздарға айрықша мән беріліп, мәртебесі жоғарыласа нұр үстіне нұр болары хақ.
Сонымен қатар Президенттің білім алуды қолжетімді етуде халық көп шоғырланған аймақтарға арнап білім гранттарын бөлу туралы тапсырмасы да көптің көңілін көтерді. Себебі грант саны өңірлерге тең бөлінгенде, тестілеуден жинаған балы жоғары бол­ғанымен грант бұйырмай қалатын жағ­дайлар жиі кездесетін. Бұл бастама халық саны көп аймақ жастарының мемлекет қолдауымен, ақысыз, сапалы жоғары білім алуға мүмкіндігін арттырып, болашаққа сеніммен қарауына септігін тигізбек.
Әр мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамуының тағы бір көрсеткіші – әлемдік тәжірибеге сүйенген білімді маман даярлаумен тығыз байланысты. Осы орайда Мемлекет басшысы өз сөзінде шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының, соның ішінде Қазақстан­ға аса қажетті техникалық бағыттағы оқу орындарының филиалдарын ашу туралы айтқан сөзі – жастардың елден тыс кетпей-ақ, сапалы білім алуына жол ашатын елді елең еткізген жаңалықтың бірі болды. Бұл қажетті мамандармен елді қамтамасыз ету мәселесін шешудің тиімді жолы болары сөзсіз.
Сондай-ақ биыл жоғары оқу орындарына арналған білім гранттарының саны тағы 5000-ға артады. Осылайша, мемлекеттік гранттың жалпы саны 61 мыңды құрайды. Өткен жылы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мыңға, яғни 51 мыңнан 56 мың грантқа дейін көбейтілген. Жаңа гранттар студенттер арасында сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға бөлінетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін білім гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға артады. Сондай-ақ білім беру гранттарын бөлу кезінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін де арнайы квоталар көзделген. Бұл да – білім саласына қамқорлық.
– Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін уақыт. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Бүгінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған еліміздің ең жас азаматтарына да, ұядан түлеп ұшар түлектерге де сапалы білімге жол ашылуда. Бір сөзбен айтсақ, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Себебі білім мен ғылымның дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі, сапалы білім жарқын болашағымыздың кепілі, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Жалғасбайқызы.
Білім саласына қатысты бұл бастамалар ел болашағының кемел болуына, дамыған елдермен тең түсер білікті тұлғалар дайындауға сеп болмақ. Білімге деген жанашырлық – ұлтқа деген жанашырлықтың айқын көрінісі.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

22 қаңтар 2022 ж. 1 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031