» » Жалдамалы жұмысшы

Жалдамалы жұмысшы

Аптап ыстықта ескі базардың маңына жалдамалы жұмысшылар үйіле келетін. Қымбат көлік жүйтки келгенде әлгілерің сұраулы жүзбен қарайтын. Мейлі, қандай жұмыс болмасын күніне ақысын жемесе болғаны. Бұл бұрындары. Ал қазір ше?
Каир мекенінде, Сфинкстен оңтүстікке қарай 400 метр қашықтықта ерекше қала орналасқан. Оны әдетте «Пирамида тұрғызушылар қаласы» немесе арабша «Хейт-аль-Гураб» деп атайды. Оған 4,5 мың жыл болған. Пирамиданың құпиясына қызыққан ғалымдардың пайымынша, Мысыр пирамидаларын құлдар емес, жалдамалы жұмысшылар тұрғызған деседі. Бірінші кезекте құрылысшылардың жұмысының сапасына басты назар аударған. Ал сапалы жұмыс істеуі тәтті тағамдар жеуімен байланысты болса керек. Елді мекеннің оңтүстік бөлігінде жануарларға арналған қораның орнынан төрт түлік мал мен жануарлардың сүйегі табылған. Сенесіз бе? Жалдамалы жұмысшылар күніне 2 тонна ет жеген. Ол қойдың, қозының еті болса керек-ті. Калориясы көп тағамдар жеп қана қоймай, медициналық тексеруден өткен екен. Осыдан-ақ олардың еңбегі жоғары бағаланғанын көруге болады. Ал бүгінде күнделікті тапқан нәпақасын отбасына жеткіземін деп жүріп, уақытылы ақшасын ала алмай жүргендер бар. Жұмыссыздықтан шаршағаны өз бетімен күн көрудің жаңа жүйесіне көшкенді жөн санайды. Ол – жалдамалы жұмыс. Әлгінде айтқандай базар маңында емес, қазір жаңа түрін іске асырып, тепсе темір үзетін жігіттер жалдамалы жұмыспен осылай айналысуды жөн санаса керек-ті. Жігіті былай тұрсын, қыз-келіншектер де қатарға қосылып үлгерді. Олар ғаламторда белгілі бір жұмыс ұсынады. Әрі ұсынған жұмысты да бағасына қарай келісіп жасайды.
– Қолымда дипломым жоқ. Тұрақты жұмысқа орналаса алмадым. Өз күнімді өзім көру үшін үй ақтап жалдамалы жұмыс істеймін. Өзіме ыңғайлы. Бағасы да қымбат емес. Бөлменің көлеміне байланысты 2000 теңгеден басталады. Жоғарғы қабырғасы бар үлкен бөлме болса 3000-3500 теңге. Тапсырыс көп бола бермейді. Бірақ көктем мезгілінде артады. Бір ғана жұмыспен тоқтап қалмай, қосымша сылақ сылау, үй тазалау, бала күтуші сияқты жұмыстарды да істеймін. Ай сайынғы жәрдемақы азық-түліктен артылмайды. Балалардың киімі, оқу-құралы бар дегендей. Сол үшін өлместің қамы ғой бұл, – дейді Асыл Бейімбетова (есімі өзгертілген).
Қош. Қазір көп жастар Алматыға арман қуып емес, «стройкада» кірпіш өріп, нәпақасын тауып жүр. Айтатыны керегімді өтейді дейді. Құрылыс материалдары қанша қымбаттағанымен түрлі нысан бой көтеруде. Оның ішінде қарапайым халық та бастаған істі аяқтауға әлек. Осындайда сырттан келген жалдамалы жұмысшылар көмекке келеді. Айтпақшы, беріде шетелдік жалдамалыларға арналған ережеге өзгеріс еніп, тәртіп тұрақталып қалған-ды. Осының өзінде де заңды айналып өтіп, жалдамалыларға жебеуші болып, сол арқылы пайда тапқысы келетіндер жеткілікті. Қазір шетелден ке­летіндерді облыстық поли­ция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы қатаң қадағалайды. Осы басқарма мәліметі бойынша, жыл басынан бері облыс аумағына келген 2338 (2019 жылғы осы кезеңде – 9380) шетел азаматы уақытша тіркелген. Жұмыс істеуге келгендерге барлығы 2087 (былтырғы осы уақытта – 3364) рұқсат рәсімделіп, оның ішінде Өзбекстан Рес­пуб­ликасының 2050 азаматы ел аумағында еңбек етуді заң­дастырған.
ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабын бұзған 404 (2019 жылы – 1404) шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 518-бабын бұзған 174 шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ел аумағында қызметін заңсыз жүзеге асыруына жол берген 11 қазақстандыққа әкімшілік шара қолданылды. Бас-аяғы 25 шетелдік республика аумағынан шыға­рылыпты.
Қазір елде 300 мыңнан астам адам зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді екен. Кәсіби аурулар бастапқы сатысында нашар анықталады. Кәсіптік патологиялық көмек жеткіліксіз, кәсіби ауруларды анықтау деңгейі нашар. Қазақстанда кәсіптік аурулар мәселесі мұқият көңіл бөлуді талап етуде. Сондықтан өтемақы төлемеу үшін жұмыс берушілер кәсіптік аурулардың алғашқы белгілері анықталысымен не араға уақыт салып жұмысшылардың құрамын жаңартуға, науқас жұмысшыларды сау жұмысшылармен алмастыруға тырысады. Өзінің барлық жемісті жылдарын зиянды жағдайларда жұмыс істеуге жұмсаған жұмысшыларға мұндай көзқарасты болдырмау үшін қауіпті нысандарда жалдамалы жұмыс күшін пайдалану әсте болмайды. Осындайда олардың құқығы толық қорғалмағанын аңғарасың. Ал нәпақа іздеп келген гастарбайтерлердің заңды жиі бұзуы сырттан ағылғанның бәрі жақсы ниетпен келіп жатпағанын көрсетеді емес пе?
Айнұр ӘЛИ
28 желтоқсан 2021 ж. 1 983 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031