Ыстық күнде қалай тамақтану керек?

1. Тәтті және ащы тағамдарды аз жеу керек Колумбия университетінің мамандары ыстық уақытта қандай тағамдар жеу керек екенін арнайы зерттеген. Олар аптап ыстық болатын күндері тәттілерден бас тартуға шақырады. Қанты көп газды сусындар ішпеуге, майлы тоқаштар, ақ нан, қант, печенье мен тортты көп жемеуге кеңес береді. Сондай-ақ ащы тағамдарды да аз жеуді ескертеді.
2. Тұзсыз диетадан бас тарту Тұзы жоқ немесе тұзы аз тағамдарды ғана жеп, диета ұстайтын жандар бар. Бірақ ыстық күндері тұзды тағамдар жеген пайдалы. Әрине, шамадан тыс емес. Күнделікті норма бойынша жарты шай қасық болу керек.
3. Жүрек айнып, бас айналмас үшін Ми қайнатар ыстықта өзіңді әлсіз сезінетінің рас. Бас айналып, жүрек айнуы да мүмкін. Мұндай болмас үшін банан, қаражемісті шетен, қарақат жеп, морс және асжапырақ пен жалбыз қосылған тағамдарды тұтынған абзал. Салқын табиғи сусындар да пайдалы.
4. Асқазанға көп күш түсірмеу керек Ақуызы мол, сондай-ақ майлы тағамдар жай қорытылады. Ол үшін ағза көбірек энергия жұмсайды. Ыстықта қан қоюланып, зат алмасу баяулайды. Негізінен диетолог мамандар жеміс-жидек, балық, көкөніс, күріш, сұлы, жүгері өнімдерін жеуге кеңес береді. Түрлі пайдалы жапырақтар қосылған салат түрлері де ыстықта сергек жүруге көмектеседі. Бірақ оларды тоңызытқышта сақтамаған абзал. Азырақ жасап, тауысып жеген жөн. Егер тоңазытқышта сақтап қойған болсаңыз, құрамындағы пайдалы заттар күшін жояды.
5. Ұйқы сергек болсын десең Ұйықтар алдында тамақ ішпеген жөн-ақ. Әсіресе еті бар астан бас тартқаныңыз абзал. Ұйқыңыз тыныш болады. Ал тыныш ұйқы - келер күні сергек жүрудің кепілі. 6. Кофе ішпеңіз Кофе ішу күндегі дағдыңыз болғанмен, ыстық күндері көбірек ішпеуге тырысыңыз. Оның орнын айранмен алмастырып көріңіз. Ыстық шай да сергектік сыйлайды.