» » Медициналық сақтандыру. Кім қанша төлейді?

Медициналық сақтандыру. Кім қанша төлейді?

Биыл Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі басталды. Екі жыл бойы кейінге шегеріліп, биыл іске қосылған жүйе туралы сұрақтар көп. Соның ішінде жарна мәселесіне қатысты сауалдар жиі қойылады. Бұған "Әлеуметік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалының өкілдеріне жауап берген болатын.

"Сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін қала тұрғындарынан көптеген сұрақ қойылып жатыр. Сұрақтардың негізгі бөлігі жарна мәселесіне келіп тіреледі. Азаматтарды қанша жарна төлеуім керек, сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерге сомасы жағынан шектеу бар ма, әскерилер қалай төлейді деген сауалдар мазалайды", -  деді Қордың Алматы филиалы директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Оның айтуынша, бірінші санатқа 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлері, ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендер, интернат тәрбиеленушілері, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, декреттік демалыстағы аналар, мүгедектер, мүгедек бала күтімімен айналысатындар, студенттер, тергеу изоляторларында отырғандар, жұмыссыз оралмандар жатады.
Олардың жалпы саны – шамамен 11 миллион. Одан бөлек, жұмыс берушілер, жалдамалы жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер мен өз бетінше төлеушілер деген санаттар бар. Жұмыс берушілер өз қол астындағы қызметкерлер үшін 2017 жылдың шілде айынан бастап жарна төлеп келеді. 2020 жылы олар әр қызметкердің жалақысынан 2% есептей отырып, өз есебінен жарна аударады.  Санаттың қалған өкілдері жарна төлемін мына есеп бойынша жүргізеді: - Жалдамалы жұмысшылар – жалақының 1%-ы (жұмыс беруші айлық жалақыдан ұстап, Қорға аударып отырады); - Жеке кәсіпкерлер – 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ы (ай сайынғы төлем – 2975 теңге (ЕТЖ – 42 500 теңге) төлейді; "Алматыда 50 мыңға жуық адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Бұл санатқа жалдамалы жұмысшылар  мен жеке кәсіпкер қатарына кірмейтін азаматтар жатады. Мысалы, жеке көлігімен адам таситындар, сүт сататындар, бала күтушісі болып жұмыс істейтіндер. Келісімшарт бекітпей-ақ жеке тұлғаға қызмет ететіндер бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеуіне болады", - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.
 Бірыңғай жиынтық төлем елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарында енгізілді. Жиынтық төлемнің ішінде әлеуметтік төлемдермен қатар, сақтандыру жарнасы да бар. Бұл жалпы соманың – 40%-і. БЖТ – республикалық маңызы бар қалалар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2525 теңге. Ал, ауылдық жерлер үшін 0,5 АЕК немесе 1263 теңге көлемінде белгіленген.   Сонымен қатар, өз бетімен төлеушілер деп аталатын санат бар. Бұл санатқа жататын азаматтар 1 ЕТЖ-ның 5% аударады.
20 қаңтар 2020 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031