» » ЖАЛДАМАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЗДА ҚЫЗАДЫ

ЖАЛДАМАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЗДА ҚЫЗАДЫ

Қазір бар керегіңді әлеуметтік желіден табатын заман. Рас, қай жерде болсаңыз да қалаған дүниеңізге тапсырыс беріп, жеткізу қызметін қоса пайдалануға мүмкіндік бар. Бір ғана «Olx»-тан табатын затыңыз бен қызмет түрі қаншама? Иә, мұнда қажеттің бәрі табылады. Қалтаға қонымды бағасын да табасыз. Қала берді жалдамалы жұмыс түріне дейін бар. Соңғысына кеңірек тоқталайықшы...
«OLX Жосалы» парақшасындағы «Сы­­­лақ жасаймыз, эмулсия жағамыз, үй әктейміз, жер қазамыз, отын шабамыз» деген жазбадан көз сүрінеді. Сәйкесінше бұл жұмыс түрін іздеуші де көп. «Қораның шөбін шабатын жі­гіт­тер керек» деп  жұмысшы іздей­тіндер де жетерлік. Бұл қалай? 
Иә, бұл парақшада жаныңа ке­рек­тің барлығы бар. Аяқталмай қал­ған жұмысты азын-аулақ ақшаға бітіріп береді. Сондай-ақ қызметтің жылдамдығы мен баға тиімділігі де есептеледі.  Мұндай қызмет түрі көп-ақ.  Бірінен соң бірі жұмыс беру­шіге таласып әлек.
 Жазда жалдамалы жұмысшыға да сұраныс артатыны заңды. Олар қоқыс шығарудан бастап, үй салуға дейінгі жұмысты істейді. Бізде жұмыс тапшы ма, әлде мамандықпен жұмыс істеуге құлықсыздар көп пе? Бәлки жұмыстан шығып қалған жандар үшін бір күндік табыс тиімді ме екен, кім білсін?! Иә, бұл сананы тұрмыс билеген кезең боп тұр. Жасыратыны жоқ, күнкөріс қамы үшін ауыр жұмысқа жалданатындардың қарасы көбейді бүгінде.
– Қандай жұмыс болсын, қазір қайда барсаң да ақша. Қажеттілік қой. Бала-шағаны да асырау керек. Ер азамат болған соң қаржы жағы бізге жүктеледі емес пе?! Сол себепті қолдан келген жұмыспен айналысамыз. Бас­тысы, тапқан табысым – адалынан. Еңбекпен келген ақша, – дейді Ербол есімді азамат (аты өзгертілген).
Жалдамалы жұмыс жыл мезгілін талғамайды. Қыста қар күреу, көмір кіргізу, отын жару секілді. Ал көктем, күз бен жазда құрылыс науқанына кіріседі. Құрылыс материалын арту, үй салу, сылақ сылау, бұзу-сындыру, жөндеу жұмысы жүргізіледі.
ТҮЙІН
Адам еңбек етпесе алға жылжи алмайды. Қандай да бір дүние болмасын маңдай тер мен адал еңбекпен келеді. Жалдамалы жұмыс та сондай. Атқарған жұмысына қарай жалақы  төленеді. Бірақ тым аз. Еңбегі адал, жұмысы ауыр жұмысшының жағдайын қалай жақсартуға болады?
Ақнұр САҒЫНТАЙ
11 шілде 2019 ж. 1 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031