» » Пандемия шектеулері әлі 1-1,5 жыл сақталуы мүмкін – ғалым болжамы

Пандемия шектеулері әлі 1-1,5 жыл сақталуы мүмкін – ғалым болжамы


Қазақстан медицина университетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті Рафаиль Қыпшақбаев коронавирус пандемиясының қашан аяқталатыны туралы болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Болжам жасау – абырой бермейтін іс. Пандемияға келсек, бұған дейінгі тұспалдарым теріс кетіп көрген жоқ. Вирус мутацияға түскен сайын таралу ауқымы кеңейетінін, індет жұқтырғандардың саны арта түсетінін, бірақ ауыртпалығы алғашқыдан жеңілірек болатынын айтқан едім. Солай болды да. Бәлкім, коронавирус симптомсыз инфекция деңгейіне дейін түрленетін шығар. Яғни, біріншіден, вирус ғайып болмайды. Ол бізбен бірге өте ұзақ өмір сүретін шығар. Иә, қазір біз вирустың салдарымен ғана күресіп отырмыз. Себебін емдеу мүмкін болмай тұр. Осыны ескерсек, пандемия тоқтай қоймайды», – деді ғалым Денсаулық министрлігі ұйымдастырған онлайн дәрісте.
Маманның айтуынша, коронавирустың тұмау сияқты деңгейдегі ауруға айналатыны туралы болжамдардың негізі бар.
«Коронавирус пандемиясына байланысты шектеу шараларының бәрі 1-1,5 жылдан кейін аяқталуы мүмкін. Содан кейін бұл вирус өмірімізге мықтап еніп, тұмау мен суық тию арасындағы ауыртпалығы бар ауру қоздырғышқа айналады. Сирек жағдайларда тәуекел топтарының өкілдері үшін асқынулары болуы мүмкін. Бірақ басым жағдайда адамдар бұл инфекцияны оңай әрі жеңіл өткереді», – деді Рафаиль Қыпшақбаев.


02 желтоқсан 2021 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 811
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 508

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930