» » Аудан әкімі қаржыгерлерді құттықтады

Аудан әкімі қаржыгерлерді құттықтады


ҚҰРМЕТТІ ҚАРЖЫГЕРЛЕР!

Сіздерді Ұлттық валютамыз – Теңге күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын көңілмен құттықтаймын!
1993 жылы 15 қараша күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді. Бұл күн Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал Теңге – біздің ел Тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты белгісіне айналды.
Ел экономикасын дамыту туралы сөз қозғағанда оның күретамыры – ғасырлық тарихы бар қаржы жүйесін айналып өту әсте мүмкін емес. Себебі, қаржыгерлердің қатысуынсыз бірде-бір саланың толыққанды қызметін көзге елестете алмаймыз.
Қымбатты қаржыгерлер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, ел мүддесі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың экономикасының қаржылай ахуалын нығайту жолындағы істеріңіз берекелі болсын!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Қасиетті Қармақшы өңірінің қаржы қазаны ортаймасын, еліміздің ырыс-құты арта берсін, несібеміз мол болсын!

Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі Қ.Нұртай

15 қараша 2021 ж. 1 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 899
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 601

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930