» » Талантты суретші, талапты ұстаз

Талантты суретші, талапты ұстаз

«Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді» деген екен әйгілі суретші Пабло Пикассо. Ал ондай дарын көбіне бұйыра бермейтін қасиет. Осындай талантты жанның бірі – Байқоңыр қаласындағы сурет мектебінің ұстазы, суретші Айдар Алипов.
Шәкірттерінің бойына сурет өнеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастырып келе жатқан ұстаз Айдар Сабиханұлы 1985 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Мектеп қабырғасында білім алып жүрген кезінен бастап-ақ өнерге деген ықыласы болған. Сондай ерекше ынтасын, талантын байқаған ұстаздары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жайлау Байсалов пен бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Аманкүл Әбдікерова талапты жасқа бағыт-бағдар беріп, қаламын ұштайды. Бойындағы дарынын одан әрі аша түсуі үшін Айдар 1999 жылы Алматы қаласындағы Орал Таңсықбаев атындағы сәндік қолданбалы өнер колледжіндегі мүсін факультетіне оқуға түседі. Онда бірнеше өнер байқауына қатысып, таланты шыңдала түскен ол колледжді ойдағыдай аяқтап, өнер жолындағы білім жолын жалғастырады. Солай 2003 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының студенті атанады.
– Шығармашылық жолымды қазекемнің өнері мен мәдениетін насихаттауға арнадым. 2010 жылдан бастап Байқоңырдағы сурет мектебінде ұстаздық етіп келемін. Шәкірттерім республикалық, халықаралық байқаулардан жүлделі оралып жүр. Бір жылдардағы ЮНЕСКО-ның «Балалар әлемді бейнелейді» топтамасына оқушыларымның линограювра техникасында орындалған суреттері енді, – дейді кейіпкеріміз.
Ол тәуелсіздік күніне, Наурыз мерекесіне орай жеке көрмелерін ұйымдастырып отырады. Онда суретшінің ұлттық нақышта бейнелеген туындысынан елге деген үлкен сүйіспеншілігін аңғарасың. Оның мақсаты да сол, шәкіртіне, өскелең ұрпаққа тарихты сөйлетіп, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру. Суретшінің осы күнге дейінгі жеткен жетістіктері аз емес. Соның бірі жақында ғана Байқоңыр қаласы әкімшілігінің Мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Ұлттар достығы» фестивалінде бейнелеу өнері номинациясы бойынша жүлделі екінші орынды иеленгенін айтуға болады.

– «Ұстаз болу – өз бақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» дейді Руссо. Бар білгенімді аямай, ұстаздық еңбегімде талай шәкірттің өнерге деген ықыласын оятып келемін. Қазір шүкір, шәкірттерім өнер саласында білімін жалғастыруда, – дейді ол сөз арасында.
Қылқалам шеберінің негізгі ерекшелігі – оның еңбегінің бояуы қанық, композицияға бай, сонымен қоса адамның жан дүниесіндегі рухани толқыныспен үндестік табатын нәзік сезімге құрылған, ортаны түйсіну, сезіну арқылы жаратылысқа басқаша көзбен қарайтын өнер иесі. Ал өнерлі елдің рухани жаңғыра берері сөзсіз.

Айнұр ӘЛИ

23 қазан 2021 ж. 1 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031