Еңбек қымбат қадірін білген жанға
Айналамызда көптеген шаруа тындырылып жатады. Оны тындырып, жан-жағын жұп-жұмыр етіп жататын қарапайым еңбек адамдары. Жосалы кентінде орналасқан «Ертөстік» балабақшасының қызметкері Гүлсара Бұхарова иісі бұрқыраған тәтті тағам пісірудің хас шебері.
Адам денсаулығының алтын арқауы – алдымен тамақтануға бек байланысты. Сол сапалы да қауіпсіз тағамның арқасында біздің денсаулығымыз өзіне керекті күш-қуатын алып, ұзақ жасауымызға себепкер болады. Бұл ересектер арасындағы әңгіме. Ал балалардың ас мәзірін ұйымдастыру мен әзірлеуде тіпті де екі есе жауаптылық керек-ақ. Енді көз алдыңызға елестетіңіз, шамамен 80-90 бүлдіршіні бар балабақшадағы балалар үшін дайындылатын ас мәзіріне қандай дайындық керек екенін. Міне, дәл осы жұмыстың қайнаған ортасында 30 жылдан аса уақыт жүрген Гүлсара Сәбитқызының еңбек жолына бір көз жүгіртіп өтсек.
– Мектеп бітіргенімде балалығым ба, шалалығым ба, Н.Гоголь атындағы педагогикалық институттың «химия-биология бөліміне» құжат тапсырып тұрып, оқымаймын деп қайтып ауылға келгенім бар. Ата-ана баланың қамқоры ғой. Ол жаққа әкем ертіп барған еді. Бұйырғаны шығар, содан берідетұрмыс құрып, маңдай теріммен адал нанымды тауып келемін. 90-жылдарды өзіңіз білесіз, Одақ ыдырап, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жағдайдың қандай болғанын. Негізі аспаздықты таңдағаным жоқ. Аспаздыққа өмір өзі икемдеп алып келді. Себебі, қоғам сатысы алмасып жатқан күрделі шақта мамандық таңдайтындай да емес едік. Бағытымыздың қайда бұрыларын ешкім білмейтін. Еңбек жолымЖосалы механикалық зауытында кадр маманы болудан басталды. 4 жылдан кейін қысқару жүрді. Мұнан соң 1990 жылы «Ертөстік» (қазіргі «Тоғжан» балабақшасы) балабақшасының іргетасы қаланып жатты. Осында құрылыста көптеген қыз-келіншек әрлеу-сырлауға келдік. Жұмыс аяқталғасын құрылысшы қыздардың бірқатары осында жұмысқа қабылдандық. Мен де аспаз болып 5 жыл сонда тәжірибе алдым. Дегенмен, балабақша дарынды балалар оқытатын оқу орнына айналды, – дейді ол.
Тағы жұмыс іздеу. Үйдегі ер азаматқа көмек беру. Өсіп келе жатқан өрімдей балалар бар. Сөйтіп жүргенде ол бірде Шолпан Бекжанова апайдың «Ертөстік» балабақшасын қайта құрып жатқанын естіп, жұмысқа алуын өтінеді.
«Ғимарат ескі екен. Біраз еңбек керек. «Аспаз болып келесің» деген бөбекжай меңгерушісінің сөзінен соң, ас бөлмесіне бас сұққанымда қорқып кеттім. Бөлме қараңғы, аузы жоқ пеш. Үстінде қарақазан. Шынымды айтсам, бейнетінен қашып басқа жұмыстың ыңғайын сұрап едім, сонда апай маған: «Сендер қиындықтан қорқасыңдар, жағдай жоқ болғасын қашып тұрсың ғой!» деп үстелді қолымен қойып қалғанда, есімді бірден жидым. Артынша, түсі жылып, сен қамықпа, жарық бөлмеге көшіремін, не керектің бәрін алып беремін» деді. Солай істеді де. Содан осы салада келе жатқаныма 30 жылдан асыпты. Апайға ризашылығым шексіз. Ол кісі сондай еңбекқор, іскер ұйымдастырушы болатын» дейді кейіпкеріміз.
Бүгінде Айткүл Әбжалиева басқаратын «Ертөстік» балабақшасы ұжымының ауызбірлігі мол. Қол жеткен табысы да аз емес. Соның бір айғағы – бөбекжай асханасы соңғы технологиямен жабдықталған. Бір айтарлығы – балабақша қызметі мен дайындалатын ас мәзіріне ата-аналар да дән риза.
Гүлсара әпкеміз отағасы Ғабит Тайшықовпен бірге 2 ұл, 2 қыз өсіріп отырған берекелі шаңырақ ұйытқысы. Балалары Қадіржан мен Бауыржан мұнай саласының маманы, қыздары Ғазиза мектепте әлеуметтік педагог болса, жанұяның кенжесі Перизат Ақтөбе қаласында жоғары оқу орнының студенті. Шетелдерде білім алып, тәжірибе алмасып жүрген болашағы зор ізденуші.
– Басшымыз Айткүл Әбжәлиқызы іскер ұйымдастырушы. Қандай жағдайда да түсіністікпен қарайды. Басшыма, ұжымыма алғыстан басқа айтарым жоқ. Жуырда ғана денсаулығыма байланысты басқа жұмысқа ауыстырылдым. Қазір жастарға қарасам, көбісі қарапайым жұмыс істегісі келмейтіндей. Біздің толқын жұмыстан қашпадық. Бейнеттің әркез зейнеті болады. Жас ұрпағымыз осыны естерінен шығармаса екен. Себебі, адал еңбек қана адамды жақсылыққа, бақытқа жетелейді, – дейді сөзін қорытқан Г.Сәбитқызы.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА