Саланың сыйлы ардагері
Жалпы өмірде кім қай салаға бейім, сол мамандықты таңдайтыны сөзсіз. Тіпті кейде бір әулеттен бірнеше адам бірдей мамандықты таңдап жатады. Бұған әрине өз ісіне берілген, өз міндетін сүйіп атқаратын, жауапкершілікпен қарайтын әу бастағы адам себепкер болады. Соны көріп өскен өзгелері де сол сияқты болуға ұмтылады.
Біздің өңірде ұлдарының темірдей тәртібі бар саланы таңдауына сеп болған, ішкі істер саласының құрметті ардагерлерінің бірі – Есет Назарқұлов.
Ол 1950 жылы Жалағаш ауданында өмірге келген. Қармақшыға қоныс аударып, аудандағы №26 мектептен тәлім алған. 10 сыныпты бітірген соң, Шымкент қаласындағы қазақ химия-технологиялық институтында «инженер-экономист» мамандығын меңгереді. Алғашқы еңбек жолын аудандық тұтыну одағында жоспарлау бөлімінің бастығы қызметінен бастап, кейіннен аудандық комсомол комитетінің ІІ хатшысы, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болады. Ал 1983 жылдан 2002 жылға дейін аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарып, полиция подполковнигі шенінде зейнеткерлікке шығады.
Зейнет демалысына шыққаннан кейін де елге қызмет етіп, «БИС» ЖШС мекемесінде директордың орынбасары болып еңбек етеді. 2010 жылдан бастап ішкі істер бөлімінің ардагерлер алқасының төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі. Есет Камаладинұлы зейнет жасында болғанына қарамастан, үнемі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, жас мамандарға жол көрсетіп, ақылын айтып, тәжірибесімен бөлісіп отырады.
– Көп жыл ішкі істер органдарында жұмыс істеп, халықтың тыныштығы үшін күндіз-түні талмай еңбек еттік. Қазір ұлдарымның да осы салада адал еңбек етіп келе жатқандарына шүкіршілік етемін. Біздің саладан зейнетке шыққан 47 ардагер бар. Бәріміз ұйымшылдықпен бірге жүріп, жас полицияларды тәрбиелеу мақсатында қазіргі ішкі істер саласының басшылығымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Өзіміздің арнайы қорымыз бар. Оған зейнетақымыздан қаражат бөліп, қуаныш-қайғымызда табыстаймыз. Жалпы полиция болу – форманы киіп алып, қызметіңді асыра пайдалану емес, елге қызмет ету. Қандай шен, лауазымда жүрсең де өзіңе жүктелген міндетті қиналмастан, асқан жауапкершілікпен мінсіз атқару ең маңыздысы. Полиция – жұртшылыққа, елге жақсы қасиеттерімен, жанашырлығымен, қамқорлығымен есте қалуы керек. Тәртіп пен төзім салтанат құрған жерде құқық қорғаушылардың да абыройы арта түспек, – дейді зейнеткер полиция.
Өзі айтқандай-ақ сала ардагерінің үлкен ұлы полиция майоры, ортаншысы полиция подполковнигі болып зейнетке шықса, кенжесі төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы болып қызмет етеді. Ұлдарының құқық қорғау саласында халықтың тыныштығын сақтап, елдің бірлікте болуына өзіндік үлестерін қосып, ел қауіпсіздігі жолында аянбай тер төгіп келе жатқанын көрген әке өз өміріне дән риза. Тынымсыз жасаған еңбегінің нәтижесінде 2001 жылы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiнен «Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген кызметкері» төсбелгісін тағынса, 2018 жылы V-Облыстық еңбек сабақтастығы форумында Елбасының Жарлығымен бекітілген «Еңбек күні» мерекесіне орай «Үздiк еңбек әулеті» атанған. 2019 жылы ауданның «Құрметті азаматы» атағы берілсе, өткен жылы ішкі iстер органдары мен Ұлттық Ұлан ардагерлерiнiң қазақстандық кеңесiнiң президиумының «Iшкi iстер министрлігінің құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталған.
Ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқан ардагер бүгінде Ақерке апаймен 5 баладан тараған 16 немеренің қызығын қызықтап, балаларының амандығын, елдің тыныштығын тілеуде.
– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінулері тиіс» деген сөзі халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені, еліміз үшін адам өмірінің қауіпсіздігі қашанда басты назарда тұрады. Соған орай біздің негізгі міндетіміз халық сенімін барынша иеленіп, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Бұл біздің қызметімізді бағалаудың негізгі өлшемі. Ал ол отансүйгіштіктен бастау алады. Тәртібі қатаң, адамның төзімін сынайтын құқық қорғау саласының қоғамдық қызметтегі жүгі ауыр. Кейінгі буын осыны саналарына түйіп, адал еңбек етуге тырысса деймін. Ел тыныштығын қорғаудағы полиция қызметкерлерінің еңбегі әрдайым жоғары бағалана берсін, – дейді құрметті ардагер.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ