» » Әлеуметтік дүкен ашылды

Әлеуметтік дүкен ашылды


Азық-түлік бағасын тұрақтандыру – халық қамы. Осы ретте әлеуметтік дүкендердің септігі мол. Мұндай нысандар тұрғындардың қалтасын қақпай, тұрмысын түзеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатты көздеген өңір билігі кентте «Әлеуметтік дүкен» ашты. Тауар нарықтағы бағадан шынымен төмен бе?
Осыдан бірер апта бұрын Жосалы кентіндегі  «Достық» сауда орталығының ішінен ашылған әлеуметтік дүкенге бардық. Әлеуметтік дүкеннің өзге азық-түлік дүкендерден ерекшелігі – халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдерін төмен әрі белгіленген бағада сатуы. Дүкеннің төріндегі сөреде тұрған азық-түліктер расымен  базар бағасынан әлдеқайда арзан.  Онда аса қажетті қант, тұз, тұз, макоран, тауық еті, сұйық май, картоп, сәбіз, жуа сынды 19 түрлі азық-түлік бар. Мұндағы тауарлардың бағасын кәсіпкер өзі қоймайды, Байқоңыр әлеуметтік коопарациясы арқылы апта сайын бекітіліп отырады.
Қант базарда 320-350 теңге аралығында болса, мұнда 270 теңгеден сатылуда. Макоронның келісі 200 теңгеден басталады. Ұнның келісі 135 теңгеден. «Азық-түлік сөреге қойылған бойда түгесіліп қалады» дейді сатушылар.
«Әлеуметтік дүкендерге сатылып жатқан өнімдердің сексен пайызы отандық өнімдер. Себебі шетел асып келетін ас-ауқат күн санап қымбаттауда дейді» дүкен иегері. Мұндай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік дүкендер енді ауылдық жерлерде ашылса деген тілек бар. Дүкенге келушілердің қатары көп. Себебі тауарлардың құны қалтаны қақпайды. Қарапайым халықтың игілігі үшін ашылған дүкенге жергілікті тұрғындар дән риза.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
21 қыркүйек 2021 ж. 1 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031