» » Дамудың жаңа мүмкіндіктері

Дамудың жаңа мүмкіндіктері


АҚЫЛДЫ ҚАЛА САЛУ ОҢАЙ МА? ЕҢ БАСТЫСЫ, ҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЕМЕС. МАҢЫЗДЫСЫ ҚАЛА ТҰРҒЫЗҒАННАН КЕЙІН «АҚЫЛДЫ» ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АДАМДАР ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАТЫНЫНДА. КЕЗ КЕЛГЕН ТЕХНОЛОГИЯ СОЛ ҚАЛАНЫҢ ӘРБІР ТҰРҒЫНЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТСЕ, ОЛ ДАМЫҒАН ҚАЛА ДЕГЕН СӨЗ. ЖАЛПЫ АҚЫЛДЫ ҚАЛА – НӨЛДЕН БАСТАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯМЕН БІРГЕ БОЙ КӨТЕРГЕН ҚАЛА. АЛ БІЗДІҢ АЙМАҚТАҒЫ ЖАЙ ҚАЛАЙ?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» атты Жолдауында әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасқаны және халық елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайтыны да бекерден-бекер айтылған жоқ. Күнделікті сұраныс пен ахуалдың өзі цифрлы қалаларға бастап келеді.
Адам болашағы – қалада, бірақ жер бетіндегі қалалар барлық адамдарды қабылдауға дайын емес. Алдағы 20 жылда 2 млрд адам қалаларға көшеді деген болжам бар. Ал қала өсуге әзір емес. Себебі көлік жүйесі көп жүктемеге төтеп бере алмайды, шеткі аймақтар айтарлықтай өседі, бұл жаппай күйреуге әкеліп соғады. Жаңа технологиялар осы мәселелердің шешімін қалай таппақ? Жалпы, болашақтағы қалалардың эволюциясын қалай көзге елестетеміз?
Қызылорда облысында «Ақылды» қалалар эталондық стандарты негізінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бі­лім беру ұйымдарында бухгалтерлік есептің барлық циклі автоматтандырылса, денсаулық сақтау саласында анықтамаларды автоматтандыру бо­йынша қарқынды жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова баяндаған болатын.
– Биылғы жылдың ерекшелігі аудан­дық және қалалық 1000-ға жуық білім беру ұйымдарын қаржыландырудың облыстық деңгейге өтуі болды. Білім беру мекемелері 100 процент копьютерлермен жабдықталып, барлық мектептерде «BilimLand» және «Күнделік» сандық платформалары қолжетімді болды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Қазына» бұлтты технологиясының жаңа жүйесі енгізілді. Бұл білім беру саласындағы бухгалтерлік есептің барлық циклін автоматтандыратын кешенді шешім, – деп атап өтті басқарма басшысы.
Бұл ретте денсаулық саласында да бірқатар өзгерістер бар. Мәселен, рентген, КТ, МРТ, момографияның электрондық суреттерінің бейнелерін жіберу және «DICOM» мұрағаттауға арналған «PACS» жүйесі өңірімізде 13 медициналық ұйымдарында белсенді қолданылады. Медициналық анықтамаларды автомат­тандыру бойынша жұмыстар жал­ғасуда. Әрі қалаға қарасты білім беру ұйымдарында 1292, денсаулық сақтау ұйымдарында 703, көп пәтерлі тұрғын үйлерде 992 бейнебақылау құралдары орналастырылған. Олардың 692-сі же­дел басқару орталығымен ықпал­дастырылған. Ал аймақ орталығында қоғамдық көліктерде электронды билет беру жүйесі орнатылып, бұл жоба да өзінің оң нәтижесін көрсетуде. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік меха­низ­мі аясында «AlemPay» ЖШС-ның жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылуда. Жыл ішінде «Қызылорда Автобус Паркі» ЖШС-нің 5 қалалық маршруттағы 105 автобусында стационарлық валидаторлар мен электрондық билеттеу жүйесінің терминалдары орнатылды. Төлем электрондық түрде де, қолма-қол есеп айырысу арқылы да қабылданады. Қазіргі уақытта 14 қалалық маршруттағы жеке тасымалдаушылардың автобустарына жабдықтар орнатылуда.
Брифингте кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар да айтылды. Бүгінгі таңда облыстағы 230 ауылдық елді мекеннің 201-і (87%) кең жолақты интернетпен қамтылған. Халқы 250 адамнан асатын, 3G және 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілмеген 8 елді мекен проблемалық болып қалуда.
Осы елді мекендер бойынша және 250 адамнан кем 21 елді мекен бойынша биік ғимараттардың, телефон және теледидар мұнараларының мүмкіндіктеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізілуде, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендер арқылы қамту мүмкіндігі қаралуда. Сонымен қатар, басқарма басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тоқталды. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда қаласында «Электрондық қызметтерді өздігінен алу орталығы» ашылып, жұмыс істеуде.
Айнұр ӘЛИ
25 тамыз 2021 ж. 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031