» » Тірлігі жарасымды жанұя

Тірлігі жарасымды жанұя


Ерлі-зайыпты жас маман бүгінде ауыл­ды көркейтуге өз үлестерін қосу­да.­ Отағасы Мирас Амантайұлы осы ауылдың тумасы. Ол Өтеген Ерқожаұлы атындағы №107 мектепті 2007 жылы бітіріп, Қазанғап атындағы облыстық музыкалық колледждің «Үрмелі аспаптар бөліміне» оқуға түсіп, кейін жоғары оқу орнына «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім алып, бітіріп шығады. 2011 жылы алғашқы еңбек жолын аудандағы мәдениет үйінде көркемдік жетекшілік қызметінен бас­тайды. Осылайша мәдениет саласында жүріп 2014 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қол жеткізеді. Осы жылдан бастап Дүр Оңғар ауылдық мәдениет үйінде әдіскер болып жүріп, бес жылдан кейін еңбегінің арқасында ауылдық клуб үйіне директорлық қызметке ауысады.
– Қазір оқу бітірген жастар ауылдан гөрі қалаға барып жұмыс істегенді әдетке айналдырып алған. Ауылдарда да жақсы жағдайлар жасалып жатыр ғой. Оқығаннан кейін өз туған жеріңе келіп, қызмет еткенге не жетсін. Мұнда көп мүмкіндіктер бар. Тек жақсы идеялар болу керек, – дейді жас маман.
Ал жары Жанна Қылышбекқызы киелі Сыр елінің қызы. Ол 2010 жылы Түркістан қаласындағы көпсалалы медицина колледжін ойдағыдай бітіріп, аудандағы емханаға медбике болып жұмысқа орналасады. Араға бір жыл салып «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Дүр Оңғар ауылындағы дәрігерлік амбулаториясына әлеуметтік қызметкер болып ауысады.
– Бағдарламаның жас маманға берер үлкен септігі мол. Біріншіден, өзіңді шыңдайсың. Екінші – мамандығың бо­йынша тәжірибе аласың. Мен болашақ жастарға айтарым, қалада қалып жұмыс істесең де осындай сатылардан өтерің анық, – дейді.
Жанна Исабаева осы ауылдың азаматы Мирас Құлғараевпен бас қосып бір шаңырақтың түтінін түтетіп отыр. Бүгінде 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.
Бағдарламаның басты мақсаты – бірінші кезекте жұмыссыздықты жою болса, екінші кезекте ауылдың мәні мен сәнін кіргізу. Ауылдағы кадр тапшылығын жоюды осы бағдарлама өз міндетіне алғандай. Жастар ауылды көркейтеді. Ауыл көркейсе, ел көркейеді.
Ерсін ӘЛІБАЙ
21 тамыз 2021 ж. 753 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031