» » Бала күннен көлік тізгіндедім

Бала күннен көлік тізгіндедім

Бүгінде көлікке қызықпайтын адамды жолықтыру сирек-ау. Қазір ұлың да, қызың да көлік жүргізуден алдына жан салмайды емес пе? Тізгінді бір ұстағаннан өзін «көлік жүргізудің шеберімін» деп сезінетіндер қаншама. Ал сол саланың нағыз маманы болу – ол мүлдем бөлек әңгіме. Біз айтқалы отырған кейіпкердің көлік тізгіндегеніне қырық екі жыл болыпты. Ол аудан орталығындағы «Қазақтелеком» мекемесінің көлік жүргізушісі – Орынхан Қаракөзиев.
Майталман маман еңбек жолын сонау 1978 жылдан бастаған. Бала кезден көлікке қызығып, он сегіз жасында 3 айлық курстан өтіп, көлік жүргізуді меңгеріп шығады. Сексенінші жылы аудан орталығындағы мәдениет үйіне жүргізуші болып орналасып, екі жыл жұмыс істейді. Кейін әскер қатарына алынып, борышын өтейді. Уақыт өте әскерден елге оралып, сол мамандығы бойынша қызметін жалғастырады.
– Әскерден келгеннен кейін басқа салаға қызметке ауыстым. Бірақ онда көп болғаным жоқ. Сол арада үйленіп, 1984 жылы өрт сөндіру бөліміне көлік жүргізуші болып жұмысқа орналастым. Кейін бұл қызмет әскери санатқа ауысқаннан кейін қысқартылып қалдық. Қарап отырсам он жыл жүріп, осы саладан басқасына еш мойын бұрмаппын ғой, техниканың айналасында болыппын, – деді Орекең күліп.
Қазір кейіпкеріміз аудандағы «Қазақтелеком» мекемесінде техника жүргізуші. Ол осында 2001 жылдан бері тұрақтап, қызмет етіп келеді. Әуелгі жұмысын монтёрлықтан бастаған ол, бұл саланың оңай емесін айтады. «Биік бағаналардың басына шыққаннан мұндағы тарам-тарам тоқ сымдардың жалғануы аса жауапкершілікті талап етеді» дейді. Кейін араға төрт жыл салып, өзінің үйреншікті мамандығы көлік жүргізуші қызметіне ауысады. Қазір ол авариялық жағдай орын алған жерлерге монтёрларды дер кезінде жеткізуші. Кейде уақытпен, мамандықпен санаспай бірінің жұмысына бірі көмекетесетінін де жасырмады.
Орынхан Қуантайұлы қызметте жүріп түрлі марапат биігінен көрінуде. Облыстық «Қазақтелеком» басшысының алғыс хатымен марапатталып, құрметке бөленген.


Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
14 ақпан 2021 ж. 634 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031