» » Мәдениет саласы қызметкерлерімен алқа отырысы өтті

Мәдениет саласы қызметкерлерімен алқа отырысы өтті

    ЖОСАЛЫ, 14 ақпан – qarmaqshy-tany.kz К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде Қармақшы аудандық мәдениет саласының 2019 жылы атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары туралы кеңейтілген алқа отырысы өткізіліп, аудан әкімінің орынбасары Омаров Жарқын Тұрмаханұлы қатысты.
     Күн тәртібінде қаралып, талқыланған мәселелер:
   Ауданда мәдениет саласы бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы міндеттері туралы Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушысы Ерсұлтанов Еркінбек Бөрібайұлы баяндама жасады.
    ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйіде және Жаңажол ауылдық клуб үйінде үйірме жұмыстарының жүргізілуі, талантты жастарды қолдау бағытында 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйі директорының міндетін уақытша атқарушысы Өмірзақова Индира Байділдақызы және Жаңажол ауылдық клуб үйінің директоры Құлғараев Мирас Амантайұлы баяндады.
Алқа отырысын Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Омаров Жарқын Тұрмаханұлы қорытындылап, 2019 жылдың қорытындысы бойынша аудандық мәдениет саласының қызметкерлерін Қызылорда облысы әкімі, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының және Қармақшы ауданы әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен марапаттаса, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушысы Ерсұлтанов Еркінбек Бөрібайұлы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының және Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапаттады.
14 ақпан 2020 ж. 1 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930