» » Аудан әкімінің орынбасары Төретам, Ақай елді мекендерін аралады

Аудан әкімінің орынбасары Төретам, Ақай елді мекендерін аралады

Қармақшы ауданында «COVID-19» эпидемиологиялық ахуалының ушығуына байланысты, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау, санитарлық-эпидемиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар күшейтілуде.
Осы мақсатта, бүгін аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаров Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі ардагерлермен кездесіп, «COVID-19» індетінің алдын алу үшін вакцина алу, карантиндік шараларды қатаң сақтау туралы тұрғындар арасында насихаттық жұмыстарға белсенді түрде атсалысуға шақырды.
Сонымен қатар, аталған елді-мекендердің әкімдеріне мониторингтің топтың және карантин талаптарының сақталуына бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Іс-сапар аясында, Төретам кенті мен Ақай ауылындағы емханалардың жай-күйімен танысып, медицина қызметкерлерінің қауіпті індетпен күрестегі қосқан елеулі еңбектерін айрықша атап өтіп, әрі қарай да халық денсаулығын сақтаудағы жұмыстарды жалғастыруды сұрады.
12 тамыз 2021 ж. 680 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 273
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 432

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30