» » Аудан әкімі тұрғындармен кездесті

Аудан әкімі тұрғындармен кездесті


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкім бол – халқыңа жақын бол» деген қағиданы бүгінгі әкімдер ұмытса керек. Олардың халықтың қалың ортасына баруы тым сиреп кетті, сондықтан күн құрғатпай тұрғындарды аралап, олардың мұңы мен мұқтажын біліп отыруы тиіс» екенін айрықша тапсырған болатын. Жаңа қызметке енді келсе де аудан әкімі Қайрат Нұртай өңірдің тыныс-тіршілігімен танысуды бастап кетті.
Аймақ басшының алғашқы іссапары Төретам кентінен басталды. Ондағы атқарылған жұмыстарды көзбен көріп, емхананың жұмыс барысымен танысып, жедел жәрдем станциясының ғимаратын аралады.
– Жедел жәрдем станциясы жаңа көліктермен жабдықталғанымен, ғимараттың ескі екені байқалып тұр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тиісті басқармалармен бірлескен түрде назарға алынатын болады, – деді аудан басшысы Қайрат Ырзақұлұлы.
Мұнан соң, Төретам кентіндегі ауылдық клуб үйінде тұрғындармен кездесу өткізіп, ауыл ардагерлерінің ұсыныс-пікірлері мен өтініш-тілектерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан негізінен кентті табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Өңір басшысы қойылған сауалдарға заң аясында нақты жауап берілетінін айтып, тиісті сала басшыларына қатаң бақылауды ескертті.
Аудан әкімінің сапары одан әрі Ақай ауылдық округінде жалғасты. №279 орта мектептегі №350 сайлау учаскесі мен №99 мектептегі №116 сайлау учаскелерінің жұмысымен танысып, сайлауға дайындық деңгейін тексерді. Сондай-ақ, сайлау уақытында тиісті санитарлық талаптарды сақтау керектігін тапсырды. Сонымен қатар Ақай ауылындағы дәрігерлік амбулатория да назардан тыс қалмады. Вакцина алуға келіп отырған тұрғындармен тілдесіп, вакцинаны қалыпты температурада сақтау, вакцина алуды тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары мен індетпен күрестегі атқарылып жатырған жұмыс барысын пысықтады.
Ақай ауылының тұрғындарымен кездесу клуб үйінде өткізілді. Өңір басшысы Қайрат Ырзақұлұлы тұрғындарға өзін таныстырып, кездесудің мақсатын түсіндірді.
– Жұмысты жоспарлау үшін әуелі проблемаларды білу қажет. Аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары маған әрбір ауылдағы қордаланған мәселелер туралы мәлімдеді. Алайда мен халықпен бетпе-бет жүздесіп, ауыл тынысын жергілікті тұрғындардың өз ауызынан естігенді жөн көрдім. Өйткені, бұл біздің қызметтік міндетіміз, – деп атап өтті ол кездесуде.
Ақайлық ардагерлер жаңа қызметке кіріскен басшыға ақ батасын беріп, арнайы келгеніне ризашылықтарын жеткізіп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Мұнан кейінгі сапар барысы Байқоңыр қаласында жалғасты. Әкім әлеуметтік желідегі парақшасында сапар жөнінде айта келіп «Жалпы айтқанда ғарышқа қол созған жұлдызды қалашықтағы қазақстандық тұрғындардың әл-ауқаты, сонымен шекаралас Төретам мен Ақай елді мекендерінің халқының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстым. Алдағы уақытта Төретам кенті мен Ақай елді мекендерінің тұрғындарын кварталішілік газдандыру жұмыстары, көшелерді жарықтандыру, аяқ-су мәселелерінің шешілуін назарда ұстап отыратын боламыз» деген жазба қалдырыпты.
Сондай-ақ Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі, Байқоңыр қаласын аралаған аудан басшысы округтегі басшыларды ел үшін маңызды мәселелерді шешу жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Бұл кездесулерде тұрғындардың көкейінде жүрген көптеген мәселеге заң шеңберінде жауаптар берілді.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ,
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (суреттер)
24 шілде 2021 ж. 2 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 107

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930