» » Тындырымды тірлік – табысқа бастайды

Тындырымды тірлік – табысқа бастайды


Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков бірқатар мекеме басшыларымен бірге кезекті жұмыс сапарын Төретам кенті мен Ақай ауылында жалғастырды. Ауданнан 74 шақырым алыс жатқан елді мекендегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жағдайымен және істеліп жатқан жұмыстың барысымен танысты.
Жоспар бойынша аудан әкімі аралауды білім ошақтарынан бастап, онда №269, №85 және №80 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесіп білім сапасын пысықтады. Мектептердің қысқы маусымға дайындығын да назардан тыс қалдырмады. Онан кейін келесі нысан – емханаға аялдап, ем-шара кабинеттерінің тазалығын көріп шықты. Ғимараттың сыртқы келбетін қарап, тазалықты қатаң ұстауды ескертті. Балабақша мен спорт мектебіне де мән берді. Әсіресе ескі ғимаратта орналасқан спорт мектебінің жағдайына баса назар аударып, күрделі жұмыс жүргізу керегін айтты.
М.Оспанұлы мұнан соң ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Онда Төретам кенті әкімінің уақытша міндетін атқарушы Е.Жұмамаддиновтың атқарылған жұмыстар туралы хабарламасын тыңдады.
– Жер көлемі 272 гектар Төретам кентінде бүгінде 11623 тұрғын орналасқан. Оның ішінде экономикалық белсендісі 6585, жұмыспен қамтылғаны  3050  адам болса, жұмыссыз саны – 750. Кәсіпкерлік саласы бойынша 794 субъекті тіркелген, – деді әкімнің уақытша міндетін атқарушы.
Аудан әкіміне тұрғындар арасынан кент ішіндегі мәселелер бойынша сауалдар қойылып, ұсыныстары айтылды. Онда Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептеріне Қазақтелеком желісі тартылса дейді.
Мұнан соң аудан әкімі Ақай ауылына бет түзеді. Мұнда да мектеп, балабақша және мәдениет үйінде болып, ауыл ақсақалдары мен жүздесті. Ақай ауылдық округінің әкімі Г.Умарованың осы кезге дейін атқарған жұмысы тыңдалды. Кездесу барысында ауылдық округі әкімі мен мекеме басшысына ескерту беріп, тұрғындарды жұмыспен қамтуға, шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту қажетін айтып, нақты тапсырма берді.
Жиын соңында ауыл ақсақалдары әкімге батасын беріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Аудан әкімінің жұмыс сапары одан әрі Байқоңыр қаласындағы нысандарды аралаумен жалғасын тапты.
                                                                              Ерсін СӘДУҰЛЫ
25 қыркүйек 2019 ж. 1 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031