» » Қауіпті аймақ сақшылары

Қауіпті аймақ сақшылары



Басы Мәскеуден басталып Алматы, Ташкент, Бішкек қалаларына жететін теміржол желісі бүгінде жосалы кентінің қақ ортасын бөліп өтуде. Ал шойын жолдың екі жағында мекендеген тұрғындар күніне жолаушы мен жүк пойызы өтетін теміржолдағы өткел арқылы қатынайды.
Қауіптісі де осы. Соңғы жылдары осы аймақтан адам және мал өтпес үшін темір шарбақтармен қоршап қойғанымен, діттеген жеріне жетуді көздеген автокөлік тізгіндегендер мен жаяу жүргіншілер жүйткіп келе жатқан пойыз келем дегенше тез өтіп кетемін деп келеңсіз жағдайға тап болатын сәттер де кезігеді. Кейде вокзал маңында тәртіп бұзылып, келе жатқан пойыз ішінде де түрлі жағдай орын алады. Осы тұста қауіпсіздікті сақтап, тыныштықты күзетуде темір жол сақшылары қызметін мінсіз атқарады. Олар теміржол бойындағы барлық тәртіп бұзушылықты қадағалап, оқыс оқиғалардың алдын алады.  Жүргіншілердің қауіпсіздігін бақылайды, оларға қауіпсіздік ережесін бұзбауда үгіт-насихат жүргізеді.
Теміржол – қауіпті аймақ. Елде жыл сайын жүздеген адам немқұрайлығы мен салғырттығының кесірінен пойыздың астына түсіп, өлім құшады не мүгедек болып қалады екен. По­йызбен жүрген жолаушылар арасында да түрлі оқиғалар кездесіп отырады. Қауыртқа толы қызметтің біз білмейтін қиындығы мен қаупі бар. Ол туралы біз Жосалы станциясындағы желілік полиция бөлімшесінен білдік. Жан-жақтан келіп-кететін қонақтар мен тұрғындардың тыныштығын күзетіп жүрген тәртіп сақшыларының қызметімен танысып қайттық.
Мұнда 4 қызметкер ауысым бо­йынша қалтқысыз еңбек етуде. Бөлімше  бастығы, полиция майоры Кәжденбек Әлиевтің айтуынша, мұндағы қызмет кәнігі тәртіп сақшыларындай. Тек вокзал бойындағы, пойыз ішіндегі тәртіпті сақтайды.
– Теміржол объектісінде қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, балаларды қараусыз қалдырмауды ескерту, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында бөлімше қызметкерлері үнемі көлік нысанына жақын орналасқан оқу орындарында, көлік саласы мекемелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Онда кәмелетке толмағандарға теміржолдың қауіпті аймақ екені, теміржолға жақын орналасқан және үйіне қарай өтіп бара жатқан жасөспірім бірінші кезекте өзіне қауіп төндіретіні туралы түсіндіріледі. Өзінің абайсыздығынан, ойынға берілген жасөспірімдер өтіп бара жатқан пойыздың астына түсіп кетуі мүмкін. Себебі теміржолда белгіленбеген жерлер арқылы пойыздардың алдынан жүгіріп өтуі, рельстерге бөгде заттарды қою, өтіп бара жатқан пойыздардың терезелеріне тас лақтыру сияқты әрекеттердің соңы төтенше жағдайларға әкеліп соғады. Сонымен қатар, теміржол арқылы по­йыз алдынан жүгіріп өту салдарынан пойыздардың жедел тежегішін іске қосуға тура келеді. Ал оның салдары оның тоқтап қалуына әкеп соғады, –дейді ол.
Төтенше жағдай мен қайғылы оқиғалардың кішкентай ғана нарседен туындайтыны өмірден-ақ белгілі дейді мамандар. Осыған қарамастан Жосалы станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет ету аймағында биыл­дың өзінде теміржолдан бел­гіленбеген жерден өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабының 5 бөлігіне сай әкімшілік шара қолданылып  та үлгеріпті.
Сұқбат барысында вокзал ғи­маратының ішкі және сыртқы қоз­ғалыс тәртібі тәулік бойы бақы­лана­тынына куә болдық. Біз өз кезегімізде кент тұрғындары мен қо­нақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етіп жүрген Желілік бөлімшенің тәртіп сақшыларының жұмысына сәттілік тілейміз!
Айнұр ӘЛИ
27 шілде 2021 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031