» » Сыр елі Арыс қаласының тұрғындарына қолдау көрсетуде

Сыр елі Арыс қаласының тұрғындарына қолдау көрсетуде

Түркістан облысы, Арыс қаласының әскери бөлімінде орын алған төтенше оқиғаға байланысты Темір жол станцияларында оқиғаға орай кідірген 5 жолаушы пойызындағы 1200 жолаушыға ыстық тамақ пен салқын сулар тегін таратылды және 15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.
Екі жолаушы пойызы («Москва-Бішкек», «Атырау-Алматы») «Сексеуіл» станциясы арқылы Жезқазған бағытымен Алматы, Бішкек қалаларына сапарын жалғастырды.
Жолаушылар пойызының бағыты өзгеруіне байланысты «Сексеуіл» станциясынан Қызылорда, Түркістан облыстарына баратын 500 жолаушыға межеленген жерлеріне жетуі үшін арнайы 14 вагондық станцияаралық пойыз бен 6 автобус қызмет көрсетті.
Шиелі станциясынан 82 жолаушыны Алматы қаласына автобуспен, 22 азаматты Луговой, Тараз және Шымкент қалаларына шағын көліктермен жөнелту ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Түркістан облысына, Шымкент қаласы аралықтағы жолаушыларды тасымалдау үшін 5 үлкен сиымдылықты автобус жіберілді. 
Облыс әкімі жанынан жедел штаб құрылып, (облыс әкімінің орынбасары-М.Имандосов) кез келген уақытта түрлі көмек көрсетуге дайын тұр.
25 маусым 2019 ж. 1 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 135

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930