Теміржолдың бойында қауіп көп
Теміржол обьектісінде қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу,балаларды қараусыз қалдырмауды ескерту, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Жосалы станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері үнемі көлік нысанына жақын орналасқан оқу орындарында, көлік саласы мекемелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.

Төтенше жағдай мен қайғылы оқиғалардың кішкентай ғана нарседен туындайтыны өмірден белгілі.Осыған қарамастан Жосалы станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет ету аймағында 2021 жылдың қаңтар айында теміржолдан белгіленбеген жерден өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабының 5 бөлігіне сай 5 азаматқа әкімшілік шара қолданды.
Жосалы ст.ЖПб-нің бастығы
полиция майоры
К.А.Әлиев
полиция майоры
К.А.Әлиев