» » Аудан әкімі үндеу жариялады

Аудан әкімі үндеу жариялады



ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Қызметке кіріскен сәттен бастап басты мақсаттарымыздың бірі індетпен күрес болып табылады.
Елімізде жайлаған індет бүгінгі күні барша халыққа зардабын тигізуде. Осы ретте тұрғындарға сақтық шараларын сақтауға байланысты облыс әкімінің үндеуі де жарияланды.
Адам өмірі және денсаулығы ең басты құндылықтардың бірі.
Қазіргі таңда қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалдың күннен күнге күрделеніп, жұқпалы вирусты індет кең таралуда.
Жыл басынан бері аудан көлемінде барлығы коронавирус инфекциясының 236 жағдайы тіркелген. Оның ішінде қазіргі таңда аудандық емханада 40 науқас ем қабылдаса, жансақтау бөліміндегі 7 науқастың жағдайы қалыпты.
Ел болып індетті тоқтатуды қолға алмасақ, ешқандай шектеу карантиндері нәтиже бермейді.
Жасыратыны жоқ, барлығы өзімізге байланысты соңғы уақытта бейқам жүрген жандардың қатары көбейген.
Қазіргі таңда жүргізіліп жатырған қауіпсіздік шараларының барлығы – азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуымыз керек.
Індетке қарсы күресте бірлігімізді танытып, жиын-той, ас беру, отбасылық көпшілік шараларды тоқтата тұруымыз қажет.
Жеке адамның жауапкершілігі - жалпы халықтың саулығының негізі. Тұрғындарымыз күнделікті қарым-қатынаста қарапайым санитарлық қауіпсіздікті сақтауды үнемі назарда ұстап және екпе алуды сұраймын.

Қадірменді ағайындар!

Халқымызда «Ынтымақты ел – ырысты ел» деген жақсы сөз бар. Сабыр сақтап, қалыпты өмірге тезірек оралуды ойласақ, екпе алып, карантин талаптарын қатаң сақтайық!
Ең бастысы жақындарымыздың денсаулығы мен амандығы өзіміздің қолымызда екенін естен шығармайық.
Жақындарымызға жанашыр болайық!

Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Нұртай

19 шілде 2021 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930