» » Аудан әкімі індеттен қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Аудан әкімі індеттен қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты



ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев коронавирус індетінен қаза болған азаматтарды еске алу үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны белгілі. Осы ретте бүгін барша Қазақстан халқы аза тұтуда.⁣⁣⠀

Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы мекемелер ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсірілді.

Өкінішке қарай, қауіпті індет Қармақшы ауданының тұрғындарын да айналып өтпеді. Осыған орай пандемия салдарынан көз жұмған жандардың отбасы мен туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Қазір індет бой бермей ушығып бара жатыр. Өйткені елдегі індеттің өршуі мен ауырған адамдардың санының артуы халықты алаңдатып отыр.

Үстіміздегі жылдың 2 шілдесінен бастап Қармақшы аудандық ауруханасында 8 (72437)-2-29-85 call-орталығы жұмысын бастады.
Жедел жәрдем көмегіне немесе дәрігерлермен байланыса алмаған жағдайда осы call-орталығына хабарласып шақырту түсіруге болады.

Қазіргі таңда жүргізіліп жатырған қауіпсіздік шараларының барлығы – азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет.

Сонымен бірге өзгенің өмірі үшін соңғы сәтке дейін күресіп жатқан дәрігерлерімізге, жақындарымызға жанашырлық танытып қайырымдылық шараларының басы-қасында жүрген азаматтар мен туған өлкеміздің барша еріктілеріне шын көңілден ризашылығымызды білдіреміз.

Халқымызда «Ынтымақты ел – ырысты ел» деген жақсы сөз бар. Бекем бірлік пен ырыс-ынтымағымызды көрсетіп, ауызбіршілік танытсақ, аурудың әрі қарай асқынуына жол бермейтініміз сөзсіз. Олай болса, бүгінгі күні сабыр сақтап, қалыпты өмірге тезірек оралуды ойласақ, карантин талаптарын қатаң сақтап, үйде болайық!

Ең бастысы жақындарымыздың денсаулығы мен амандығы өзіміздің қолымызда екенін естен шығармайық.
Енді мұндай қаралы күн ешқашан болмасын!
Жақындарымызға жанашыр болайық!

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков
13 шілде 2020 ж. 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031