» » Коронавирус: Қармақшы және Шиеліде анықталған науқастар туралы мән-жай белгілі болды

Коронавирус: Қармақшы және Шиеліде анықталған науқастар туралы мән-жай белгілі болды

Қызылорда облысында 3 сәуір күнгі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтырған 28 науқас анықталды. Олармен барлығы 662 адам байланыста болған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 28 науқас анықталды. Бүгін Қармақшы ауданында бір жағдай тіркелді. Ол – 1988 жылы туған әйел адам. Екінші жағдай Шиелі ауданында анықталды. Ол – 1994 жылғы әйел адам. Бүгінгі күні екеуі де аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына ем қабылдау үшін ауыстырылды. Екі азаматша да осы аудандарда қауіпті індетті бұрын жұқтырғандармен байланыста болған. Жағдайлары қанағаттанарлық. Олармен байланыста болғандардың саны – 662. Жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 237, потенциалды байланыста болғандар 425 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда осы байланыста болғандардан 25 адам правизорлық стационарға, 216 адам карантинге оқушауланды», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Басқарма басшысының айтуынша, Қызылорда облысына қауіптілік деңгейі 1 (А) елдерінен барлығы 20 адам келген. Оның алтауы – стационарға, 14 – үй карантиніне жатқызылған.

Сондай-ақ, өңірге қауіптілік деңгейі 1 (Б) елдерінен барлығы 159 адам келген. Оның алтауы – стационарға оқшауланса, 153 – үй карантиніне алынған.

«Бүгінгі таңда облыста анықталған коронавирустық инфекцияның барлық ошақтары толық залалсыздандырылды. Қауіпті індет анықталған 28 науқастың жағдайы нашарлаусыз, қанағаттанарлық күйде. Жаңадан анықталған ошақтар түгел залалсыздандырылды. Облыс тұрғындары арасында алдын алу жұмыстары жүргізілуде», – деді басқарма басшысы брифингте.

03 сәуір 2020 ж. 1 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031