» » Ақтөбеге қонған аққулар

Ақтөбеге қонған аққулар



Киелі құстың Сырдың бойын жайлы мекен етіп жүргеніне көп болды. Олай дейтінім былтыр елге індет келіп, төтенше жағдай жарияланғанда ауданның солтүстік шығыс бетіне, яғни Қармақшы ауылына барар жолға блок-бекет қойылып, халықты ақпараттандыруға екі ортада қатынағаным бар. Жыл са­йын көктем айында дарияның тасуымен тас жолдың екі беті суға толып, көлге айналатын. Журналистік жортуылдан қайтар жолда жақыннан көл бетінде жүзген аққудың көрінісі көзге ілінді. Жол үстінде кілт тоқтағанымда көлік дауысынан үркіген аққу алысқа қарай ұша жөнелді. Фотоаппаратымды іске қосқанымша тым әрі кетіп, кадрға да түспеді. Сол кезде «апыр-ай» мен «қап әттеген-ай» дегенім әлі есімде.
Көргенімді елге айтсам сенер ме екен деп іштей тындым. Олар сенген жағдайда суретін сұраса не көрсетемін деп тағы сас­тым. Қош, не болса да дәлел көрсетейін деп күн сайын әлгі көлдің жағасын аңдумен болдым. Бірақ адамның қарасын сезген құстар алысқа ұшып кетумен болды. Тағы да сәтсіз кадрлар. Уақыт өте кент тұрғыны Бос­тан ағамыздың «аққу көрдім» деп редакцияға сүйіншілеп келгені, менің де ішіме сақтап айта алмай жүргеніме бір дәлел болғандай. Бірақ суретін ешкім түсіріп ала алмаған. Сәті түспеген кадр осылайша сәтсіз күйінше қала берді...
Кешегі аптадағы бір күн мерекелік демалысты ауылға арнап Ақтөбеге тарттым. Ол жақтан көшіп кетсек те кіндігіміз әлі байлаулы. Әкемнің нағашыларына арқа сүйеп, бір демалып қайтатынымыз бар. Қай кезде барсаң да кең құшағын жайып тұрады өздері. Бұл жолы барғанымда сәлемімді бірінші ата-әжеме арнадым. Осында келсем соларға соқпай кетпеймін. Ауылы Кенжалы қорымында. Кішкентайымда атамды көрмесем де әженің мейіріміне қанып, еркелеп өскеннің бірі едім. Сондықтан ол кісілерге соқпай кету мен үшін немерелік парызымды жоғалтумен бірдей. Бір екі аятымды арнап, Құран бағыштау әр келгендегі дағдым. Мұнан әрі әкемнің нағашысы жатыр. Айтпағым енді басталады. Қорымның тап іргесінде көл бар. Әлі күнге сол көлдің атауын білмеппін. Бірақ мұндағы қонған құстардың дауысы жаныңа бір рақат сыйлайды. Тыныш, өзі бір жайлы жер. Әсіресе үйрек көп. Әлде бір құстың дауысы құлағымды елең еткізбесі бар ма?! Жақын келіп қарасам иіле жүзген он шақты аққулар көптен күткен сәтіме жолыққаны. Орнымнан ақырын қозғалып көлігіме қарай жылдамдаттым. Осындай да Құдайдың қарасып, фотоаппаратымның жанымда жүргенін көрмейсіз бе? Қайта келіп, шошайған қамыстың арасымен жағаға жақындай түстім. Мен келемін дегенше киелі құстар да көл ортасынан әрі асып жылжыпты. Сірә сезіп қойған-ау. Әйтеуір жұптасқан аққуларды барынша табиғат сұлулығымен үндестіріп, кадрға молынан түсірдім. Бәрінен бұрын ойымдағының сәтті шықанына қуандым. Киелі құстың киелі жерді та­уып келуінің де бір себебі бар шығар. Жалпы Кенжалының көлі сондай тыныш, келген құстарға жайлы. Мұндағылар бұл жерді тегін жер емес деп айтып отыратын. Ақтөбеліктер бұл жердің әсем көрінісінен бейхабар. Ауылға аққудың келгенін білмесе керек. Алғашында бұл жерден менде жолықтырамын деп ойламаппын. Ауылымыздың киелі құсқа пана болғаны қуантарлық жағдай. Олар да тегін жерді іздеп келмейді ғой. Енді әлде кімнің зияны тиіп, сол көлден ұшырып алмаса. Құт қонған ауылым аққуларға мәңгілік жайлы мекен болғай.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
13 шілде 2021 ж. 696 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031