» » Аққудың киесі

Аққудың киесі

Айналамыз тылсымға толы. Сенбейтін, бірақ сендіретін құбылыстар кезігеді. Алайда ол сол күйі жауапсыз қалуда. Соның бірі – кие. Кие атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін қасиет. Киелі шөп – адыраспан болса, киелі аң – ақбөкен. Ал құс киелісі – аққу. Киелілер тізбегіндегілерде жасырынған қандай күш, қандай құдірет?
Ойда жоқта белгісіз ауруға шалдығып, науқасынан айыға алмай емші аралағанда «арғы тегінде қасиет қонған аталарың болған екен, енді бата алып, емшілік жолға түспесе болмайды» дегеннен соң бата алып науқасынан құлан таза айыққандарды көз көріп жүр. Қасиет қонған адам дүниеден озып, артында жолын ешкім жалғастырмаса, онда оның киесі ұрпағының бірінен-біріне барып, әртүрлі қайғылы оқиға мен ауруға душар етіп жататыны тағы бар. Отбасы мүшелері қайғылы жағдайларға тап болғанда үйді бәле-жаладан тазарту үшін «адыраспанмен» аластайды. Түтінін тұтатқан соң-ақ үй ішінің жеңілденгенін сезінесің. Киелілік қасиет жануарларда да кездеседі. «Аққуды атпа, киесі тиеді» немесе «ақбөкенді өлтірме киесі қағады» деген ырым-тыйымдар күнделікті өмірде де айтылады. Десе де, біле тұра сол қадамға баратын адамдар да жоқ емес. Бала күнімізде осындай әңгімені әжемізден жиі естіп отыратын едік.
Ертеректе айрандай ұйыған отбасы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүреді. Жанашыр, бауырмал, бір-біріне қамқоршы он бір ағайынды бой жазып сергімекке далаға саяхатқа шығады. Кеш ойдағыдай көңілді, қызыққа толы болғанымен оларды алда не күтіп тұрғанынан бейхабар еді. Күн бата отырыс қыза түсіп, ішімдікке сылқия тойған бауырлар көлде жүрген аққуды атпаққа бел буады. Атады да. Атып қана қоймай етін бөлісіп жейді. Арада біраз уақыт өтеді. Сол уақыттарда бірлікке толы отбасына сызат түседі. Қалай? Ең алдымен үлкен ағалары дүниеден озады. Артынша келіншегі. Балалы болғандарының ұрпағы аурушаң немесе кейбірі қайтыс болады. Арттарынан дені сау ұрпақ өрбімейді. Иә, қасіреттің ең жаманы да осы – ұрпағыңның болмауы.
Ойды ой қуалайды. Осындайда бір кісінің әңгімесі санамда сайрап тұр. «Сұрмерген деген сөзді кез келген аңшыға теліп айта бермейді» деп бастаған еді ол әңгімесін. Халық арасындағы мынадай бір аңыз әңгімеден сыр шертіп, есеңгіретіп тастады.
Бір ауқатты адамның немересі аң аулап жүргенде, артынан суық хабар «атаң қайтыс болды» деп келсе керек, сонда әлгі патшағар «атан өлсе сойылар, ата өлсе қойылар мұндай қансонар қайдан табылар» деп айтқан екен деген сөз бар. Сөз мәнісі артта сөз қалсын деп айтқанда шығар. Уақыт өте келе кім айтқаны көмескіленіп, ұмытылып тек қана бізге сөз мағынасы ғана жеткен сияқты. Ата кәсібі аңшылық болмаса да, сөз болғалы отырған сұрмерген атанған Хайдар еді. Хайдар қарт айтып отырушы еді аңды тұрғызып, құсты ұшырып атса ғана аңның обалын «Жаратқан ием» кешіргендей болатын сияқты болып көрінеді деп. Сол бір кездің қоңырқай күзді күні теңіз жағалауында қой бағып отырған Хайдардың үйіне сол кеңшардың директоры мен жүргізушісі мал аралап жүріп келе қалады. Малда жүрген Хайдарға келіп, шаруашылығының мән-жайын сұрастырып, қыстақтағы шаруа күйлерімен танысқаннан кейін директор:
– Сізді мерген дейді ғой, қазақша айтсақ құралайды көзден атқан сұрмерген деседі. Теңіз жағасына барып, қамыс арасындағы көлшіктерден қаз атсақ, – деп қолқалайды.
Хайдар аңға деген аңсары ауып, бірден келісе кетеді. Екі қосауыз мылтық бірнеше патрон екі потрантажға тола майысып-ақ тұр. Ол бір мылтығын алып көздеп ұсынып қарап, атуға ыңғайланып көріп, мылтықтың сұңғыласына риза болып жақсы екен деп баға берсе керек. Машинаны теңіз жағалау кеміріне қалдырып, үшеуі балақұрақ қамыс ішіне кіріп қараса, аз ғана қамыстың ішіндегі ылди сайға бөлініп қалған көлшік көлде суда аққулар қонақтап, су астына бастарымен сүңгіп балдырлардан жемтік іздеп, қаннен қаперсіз айналсоқтап жүзіп жүр екен. Құстар бұларды көрсе де сезіктенбей емін-еркін жемтігін іздеп оттай береді. Құмның бел ортасында өскен Хайдар «бұлар аққу емес пе?» дегенде, қасындағылар ақ қаздар деп болмаса керек. Хайдар екі мылтықты кезек-кезек атып, бес-алты аққу ұша алмай, кейбіреуі көтеріле бере көлшікке құлап жатты. Қасындағылар олжаларын судан алып шығып, тағы да күте тұрайық, бір тобы көлге келіп қонуы мүмкін деп айтулары мұң екен, бір топ құс көлге құлай кетті. Олар да қамыс ішінде тұрған адамдарға мойындарын кербездене бұра қарады да, алыс жолдан арып-ашып келе жатқан құстар су астынан жемтігін іздей бастағанда тағы да мылтық дау­сы гүрс етіп шығып, бірнеше аққу су бетіне сұлай түсті. Ал жарығы көтерілген аққулар әлгі көлшікті бірнеше айналып, сүйегіңді сырқыратқандай ұша жөнеледі.
Атып алғандары қаз емес аққу екенін Хайдар сол бойда біледі де опынады, бірақ кеш еді. Маған не болар екен деп, аққу атқанын ойлаумен жүргенде кешікпей екі көзі ғаріп болады. Көздің қарашығындай екі баласының біреуі бас ауруға ұшырап, екі бірдей жанның бір отбасының ерлі-зайыптыларын ажал құштырды, өзі де ажал құшты. Бір баласы аурулы болып ел кезіп кетеді. Босаға күйреп шаңырақ ортаға түсіп, Хайдар босағасының ұрпағы деген ұл баладан ұрпақ жалғаспай қалады. Ал өзі төсек тартып ұзақ ауырып жатты. Екі, үш жұмыстас жолдастары көңілін сұрай барған екен. Алып денесі қураған, шеңгелдей шөккен, арығандықтан кісі танымастай кейпін көріп, аяған сезімдерін жасырып қоштасқанда «жігіттер аман болыңдар, мен аққуды көп аттым бұл соның киесі ғой» көз жанары жасқа толып, «жаратқан ием он сегіз мың ғаламның иесінен кешірім сұрап жатқан жайым бар» деген екен.
...Міне, аққудың киесі жібермейтініне дәлел де осы еді...

Айнұр ӘЛИ

10 шілде 2021 ж. 2 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031