» » Байқоңыр төңірегіндегі тіршілік

Байқоңыр төңірегіндегі тіршілік


Өткен жұмада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ғалым Әміреев, Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских арнайы сапармен ауданға келді. Олар алғашқы жұмысты Төретам кентіндегі көше жолдарының жөнделу барысымен танысудан бастаса, аудан әкімі Мұса Оспанұлы мәжіліс депутаты Ғалым Әміреевке Жосалы кентіндегі жұмыстарды, газ­дың іске қосылуын, салынып жатқан тынығу лагерінің құрылысын таныс­тырды.
Биыл Төретам кентінде 20 көшеге орташа жөндеу жүргізілуде. Жұмыс аяқталуға жақын. Сонымен қатар мұндағы бірқатар электр желісінің тозығы жеткен. Қыс айларында соққан жел мен боран кезінде жарық сөніп немесе электрдің кернеуі көбейіп, тұрғындарды әбігерге түсіретін еді. Өткен жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Төретам кентіндегі №22 35/10 кВ қосалқы стансасын кеңейту және қайта құрылымдау құрылыс жұмыстары толығымен жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде Төретам кенті мен Ақай елді мекеніндегі 80 процент тозығы жетіп, 50 жылдан астам жөндеу көрмеген электр стансаларының олқылықтары жойылып, қайта жаңғыртудан өтті.
Тұрғындарды үзіліссіз электрмен қамтуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялармен жабдықталған нысан құрылысын көрген халық қалаулылары оң баға берді.
Мұнан кейін аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев депутаттарға Төретам кентіндегі бірқатар кәсіпкерлік нысандарды көрсетті. «Ажар Сити» сауда үйінде болып, күнделікті қажетті әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депуттары Геннадий Шиповских пен Бақытбек Смағұлға «Ажар Сити» сауда үйінің басшылығы мен аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Еркебұлан Әбдікеров қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.
Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің басты мақсаты. Өзіміздің елімізде шығарылған тауарларды қолдау, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге шағын несие беру жүйелі жүзеге асып келеді. Осы ретте жұмысын жақында бастаған «Ажар Сити» сауда орталығы азық-түлік өнімдерін төмен бағада Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінің тұрғындарына ұсынып отыр.
Мұнан бөлек халық қалаулылары Төретам кентінің кәсіпкерлерімен жүздесіп, ұсыныс пікірлерін тыңдады. Кәсіпкерлердің көтерген мәселелері назарға алынып, шешілу жолдары жергілікті атқарушы билік органдары тарапынан заң шеңберінде қарастырылатынын білдірді.
«Мир-2001» ЖШС құрылыс материалдарын өндіру зауытына да атбасын тіреді. Бүгінгі таңда өңірімізге брусчатка мен тротуарға арналған плита, бордюр, пластик терезе мен есіктер шығаратын зауыттың жұмысы қарқынды жүруде. Сонымен бірге бұл кәсіпкердің шығарған таза ауыз су өнімдері тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие.
«Жақсы істі көрмекке» деген. Халық қалаулылары жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп қана қоймай, түйткілді мәселелерді түртіп алды. Байқоңыр төңірегінде тіршілік күн тәртібінен түспейтінін, билік тарапынан қолдау болатынын жеткізді.

Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
13 шілде 2021 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031