» » Тауар өндірушілерді қолдау мәселесі талқыланды

Тауар өндірушілерді қолдау мәселесі талқыланды

Кеше Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаевтың төрағалығымен отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында атқарылатын шаралар туралы мәжіліс өтті. Жиынға дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары мен мердігер мекемелердің басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Б.Шерниязовтың хабарламасы тыңдалды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жергілікті қамту үлесі отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында жасалған. Атап айтқанда құрылыс және инфрақұрылымдық даму жобалары бойынша сатып алынған тауарлардың жергілікті қамту үлесін 90 пайызға жеткізу қажет. Қазіргі таңда көптеген мердігерлер отандық тауарларды пайдаланады. Сонымен бірге мердігерлер мәліметтерді сайтқа тіркеген кезде тауар сертификаттарының уақыты мен мерзіміне мұқият болып, кестені толтырғанда жауапкершілікпен қарау керек, – деп түсіндірді мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Б.Шерниязов.
Сонымен қатар жиында отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған біліктілік өлшемдері де таныстырылды.
2020 жылы жергілікті қамту үлесін дамыту бойынша облыс рейтингінде Қармақшы ауданы екінші орынға тұрақтаған.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев мердігерлер тарапынан жергілікті қамту үлесіне белсенділікпен қатысуды жеткізіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 шілде 2021 ж. 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 188

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930