» » Тоқаев несиеге қол жетімділікті арттыруды тапсырды

Тоқаев несиеге қол жетімділікті арттыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне отандық кәсіпкерлер үшін несиеге қол жетімділікті арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында мемлекет басшысы отандық тауар өндірушілерді қолдау мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-қимылдарының негізгі элементі болып табылатындығын атап өтті.
Сонымен қатар, бизнесті қолдау мәселесі аймақ басшыларының жеке бақылауында болуы керек екенін жеткізді ол. 
"Үкіметке және Ұлттық банкке жағдай нашарлаған жағдайда салалар мен халықты қолдау бойынша қосымша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын. Бұл ретте мемлекеттік қолдау максималды нәтиже алуға бағытталған болуы керек", - дейді мемлекет басшысы. 
Оған қоса, жұмыспен қамту мәселесі де қолға алынсын деп тапсырды Тоқаев. Осылайша жалақы, жұмыспен қамту, бизнесті қолдау мәселелерін шешу жолға қойылды. 
"Біз бизнестің қарсы міндеттемелерін бақылауға тиістіміз. Біріншіден, жұмыспен қамтуды және жалақыны сақтау тұрғысынан. Үкімет пен Атамекенге бизнеске қарсы міндеттемелерді сандық бақылауды қамтамасыз ету үшін жұмысты 2 ай ішінде аяқтау тапсырылды", - дейді Тоқаев. 
Сондай-ақ мемлекет басшысы бюджет шығындары қысқартылатынын мәлімдеді.
"Бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету, ең бірінші, тиімсіз шығындарды қысқартудан басталуы керек. 2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды. Осы мақсатта 1,6 трлн теңгені қысқарту жоспарланып отыр. Қазіргі жағдайда бұл нашар көрсеткіш емес", - деді Тоқаев.
Оның сөзіне қарағанда, бюджет кірісі де азайған.
"Карантин және мұнай бағасының төмендеуі бюджет кірісінің күрт қысқаруына алып келді. 2020 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің ысырабы 1,7 трлн теңге. Қазір бюджеттің тұрақтылығына Ұлттық қордан берілетін трансферттер есебінен қол жеткізіледі", - деді президент. 
10 шілде 2020 ж. 779 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031