» » Естелікке толы ерекше кеш

Естелікке толы ерекше кеш


Кент кітапханасының «Парасат жолы» орталығында жерлесіміз, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, мәдениеттанушы, аудармашы және драматург, халықаралық «Тамыр» журналының редакторы, философия ғылымдарының докторы  Әуезхан Әбдіраманұлын еске алу мақсатында «Талантты, тағдырлы қаламгер» атты кеш өткізілді. Аталған жиынға ақынның қарындасы Тұрсынхан Қодарова, ақынға жетекшілік етіп, сабақ берген ардагер-ұстаз Зәбира Сүюбердиева, ақын бөлесі Зұлыпхар Әлиев, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шегебай Құндақбаев, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжаухар Раева және ақынның бірге оқыған сыныптастары Алексей Дүйсенбаев пен Роза Жәлелова, кітапханашылар мен жас оқырмандар қатысты.
Жазушы Әуезхан Қодар тағдырдың жазуына қарамастан өзін азамат, сыншы, философ, ақын ретінде қалыптастырған, тарихтың ең шешуші кезеңінде қазақ мәдениетіндегі әрбір құндылықты қызғыштай қорыған, қазақ тілінің жыр жауһарларын орыс тіліне аудару арқылы шетелге танылған сирек тұлға.

Еске алу кеші ақынға арналған бейнероликті тамашалаудан басталды. Одан әрі Әуезхан Қодардың танымал тұлғаға айналуына үлес қосқан ұстазы З.Сүюбердиева оқушысы жөнінде жылы естеліктерімен бөлісті. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ білімге құштарлығымен ерекшеленген оқушысы жайлы толқи сөйлеген ұстаздың әңгімесі көпті ойға қалдырды. Ақынның қарындасы Тұрсынхан ағасы жөнінде көңілінде жүрген сырын ақтарып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Танымал тұлғаның бөлесі мен сыныптастары білімділігімен қоса, әзілге жақын екендігін айтып, көпті күлкіге қарық қылды. Бұл кеште ақын өлеңдері де оқылды. Оқырмандар арасынан ақын шығармашылығынан Әзиза Әбілтаева мен Замира Елтай нақышына келтіре оқып, әдемі кешті әсерге бөлесе, аудандық жыраулар үйінің шәкірті Аяулым Маратқызы мен оқырман Аңсаған Ділдабек жырдан шашу шашты.

«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Артында өлмейтұғын сөз қалдырған» деп Абай ақын жырлағандай, өлмейтін мұрасымен ел жүрегінде сақталатын ақын мұрасы осылай дәріптелді. Бұл кештен тек ақын ғана емес, тағдырдың талқысына сынбай, қайсарлық таныта білген, әдебиетке деген адалдықтан аттамаған, еліне құрметі шексіз тұлғаның биік парасатын аңғардық. Жүрекжарды лебізбен толыққан ерекше кештің куәсі болдық. Саналы ғұмырын елін, жерін, Отанын сүюге және қазақ руханиятының өсіп-өркендеуіне арнаған Әуезхан Әбдіраманұлының жарқын бейнесі халқымыздың жадында жыр жауһарын жинақтаушы Алаштың арда ұлы ретінде мәңгі сақталары хақ.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ,
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)
26 маусым 2021 ж. 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031