» » Жеңісті жақындатқан жандар

Жеңісті жақындатқан жандар


Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы шарпымаған шаңырақ жоқ. Әке баладан, бала әкеден, ана жарынан айырылды. Соғыс алапат қиыншылық, жоқшылық әкелді. Бірақ, бұрыңғы кеңес үкіметіндегі халықтардың бірлігі, достығы, тәртіп жеңіске жеткізді. Сол жеңістің 76 жылдығы келіп жетті. Арада қаншама уақыт өтсе де, ешкім ешқашанда соғысты ұмытпақ емес. Соғысқа аттанғандардың ішінде менің нағашыларым да бар.
Олар Сыр бойындағы Қармақшы ауданының бұрынғы Чапаев ұжшарында тұратын Дүзен бабаның 4 ұлы Қанибай, Алтынбай, Жорғатай, Кішкентай. Соғыс басталғанда 4 жігіт бірінен соң бірі аттанады. Кішкентай атамыз үйленіп те үлгермеген. Соғыста хабарсыз кетті. Жорғатай атамның сүйегі Литва жерінде қалды. Ұлдардың үлкені Қанибай мен Алтынбай елге келіп, еңбекке аралас­ты. Өмірлерінің ақырына дейін ауылда жұмыс істеді.
Менің туған нағашы атам Алтынбай Дүзенов көзі ашық, сауатты кісі болған. Оның ең жақсы көретін ісі – кітап жинау. Үйге кітап, дастан, хиссалар жинайтын. Қызылорда қаласында тұратын жыршы ағасын шақыртып, көршілерін жинап, таңға дейін түрлі жырлар айтқыздырған. Елдің арасында «Алтынбай айтқан» деген сөздер әлі күнге дейін қалған. Атамның тауып сөйлейтін шешендігі ұрпақтарына да жұққан. Бұл әулеттен қазіргі күнде 6 адам мұғалімдік мамандықты игерген. Немере-шөберелері өнерден кенде емес. Біреуі өлең жазса, біреуі домбыра тартып, ән шырқайды. Осының бәрі Жеңістің арқасында. Ендеше елімізде тыныштық болсын. Алаңсыз өмір сүрейік. Жеңісті жақындатқан аталарымыздың ерлігі ұмытылмайды.
Тұрдыгүл ПІРІМОВА
Сәтбаев қаласы
13 мамыр 2021 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 481
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31