» » Аудан әкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады


ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айының аяқталатын күнге де жеттік.
Ораза айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.

Халқымызда «Дін тірегі – имандылық» десе, имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет пен парасат жолымен ғана жүруге үндейді. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, еліміз күн санап өркендеу жолында келеді.

Қадірлі жерлестер!
Әрбір шаңыраққа баянды бақыт, қуаныш әкелетін әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Ораза айтпен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін!

Ораза айт мерекесінде жасаған барлық ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!

Халқымыздың береке-бірлігі мен ырысы несібесі әрдайым арта берсін!

Ізгі ниетпен,
Қармақшы ауданының әкімі
Мұса Қалдарбеков

13 мамыр 2021 ж. 1 743 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 028
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 700

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031