» » Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков "Құрбан айт" мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков "Құрбан айт" мерекесімен құттықтады


Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары!
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды қасиетті мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.
Құрбан айт кезінде ата – бабаларымыз мұқтаж жандарға қол үшін созып, игі дәстүрлеріміз бен ізгі әрекеттері арқылы өзгеге өнеге болатын. Осындай асыл дәстүрлер ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Өздеріңізге белгілі биылғы жылы бұл мерекені ерекше жағдайда өткізгелі отырмыз. Өйткені әлемді жайлаған індет бүгінгі күні барша халыққа зардабын тигізуде. Сондықтан да барынша сақтық шараларына баса мән беріп, карантин шараларының талабын қатаң сақтаған жөн.
Осы ретте барлық жерлерде пандемияға байланысты имамдардың келісімімен мешіттер жабық болып, Құрбан айт намазы оқылмайды. Биылғы жылы құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік аз қамтылған жандарға, мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.
Қоғам саулығы үшін барынша жеке санитарлық талаптардың орындалуына баса назар аударған абзал. Жеке адамның жауапкершілігі – жалпы халықтың саулығының негізі. Тұрғындарымыз күнделікті қарым-қатынаста қарапайым санитарлық қауіпсіздікті сақтауды үнемі назарда ұстауы қажет.
Қадірменді ағайын!
Әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке – бірлік тілеймін.
Құрбан айт мерекесінде жасаған барлық ықылас – ниеттеріңіз қабыл болсын!
Құрбан айт баршамызға мүбәрак болсын!

Ізгі ниетпен,
Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков
31 шілде 2020 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728