Аудан әкімі тұрғындарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасатын күнге де жеттік.
Ораза айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.
Халқымызда «Дін тірегі – имандылық» десе, имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет пен парасат жолымен ғана жүруге үндейді. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, еліміз күн санап өркендеу жолында келеді.
Өздеріңізге белгілі, еліміздегі карантин режиміне байланысты биыл Ораза айт намазы мешіттерде оқылмайды. Қабылданған шараларға аудан тұрғындары да түсіністікпен қарайды деген сенімдемін.
Қадірменді бауырлар!
Әрбір шаңыраққа баянды бақыт, қуаныш әкелетін әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Ораза айтпен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін.
Ораза айт мерекесінде жасаған барлық ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!
Халқымыздың береке-бірлігі мен ырысы несібесі әрдайым арта берсін!
Ізгі ниетпен,
Қармақшы ауданының әкімі
Мұса Қалдарбеков