Құрылтай
» » Мешітте құрбан шалу рәсімі жүргізілмейді

Мешітте құрбан шалу рәсімі жүргізілмейді

Биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілдеге түсіп, 2 тамызға дейін жалғасады. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мешіттер уақытша жабық, яғни аурудың таралуының алдын алу мақсатында жамағат намазы оқылмайды, оның ішінде Айт намазы да бар. Сондай-ақ, мешіттерде құрбан шалу рәсімі жүргізілмейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚМДБ өкілі, Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов мәлімдеді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz

«Өңірде құрбандық шалу орындары анықталды. Барлық қосымша ақпарат мешіттер жанындағы арнайы ақпараттық орталықтарда ұсынылады. Бұған қоса, «qurban2020.kz» сайты іске қосылды. Яғни құрбан шалушы да, ет алушы да онлайн тапсырыс бере алады. Тапсырыстарды әр өкілдік жанынан құрылған штаб жүзеге асырады. Құрбан шалушыға қажет болса, рәсім барысында түсірілген фото-видео есеп телефон нөміріне жолданатын болады. Ал етке мұқтаж жандарға сайтта көрсеткен мекен-жайы бойынша тегін жеткізіліп береді», – деді Болатбек Ұласқанұлы.
25 шілде 2020 ж. 1 003 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31