ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Баршаңызды айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтай отырып, ниеттеріңіз қабыл болсын деп шын жүректен тілектестігімді білдіремін!
Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айы-ізгі ойлар мен игі істерге өзара түсіністік пен келісімге бастайды. Рухани кемелденіп, жан-дүниесі тазарады. Хадисте: «Рамазан айында бір жақсылық жасаған адам екі сауап алады» деген сөз бар. Осы айдың ішінде барлық мұсылмандар жақсылық істеп, бір-біріне көмектесіп, қолынан келгенше жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға көмектесуге бағытталуымыз керек.
Рамазан айының елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты жарияланған Төтенше жағдай кезеңіне сәйкес келуіне байланысты азаматтарымызға барынша сақтық шараларын ұстануымыз керек.
Қасиетті Қармақшы халқы да туындаған уақытша қиындықтарды бірлесе еңсеріп шығатынына сенемін.
Рамазан айының басталғанымен барлық аудан тұрғындарын құттықтай отырып, ақ тілектеріңіз қабыл болсын!
Қасиетті жұма күнімен қатар келген Рамазан айында еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, әр шаңыраққа амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбеков