» » «Тігін тігу – тірлігімнің тірегі»

«Тігін тігу – тірлігімнің тірегі»

Бала күнімізден апа-жеңгелеріміздің ине алып жыртылған киімді тігіп, жамап-жасқап отырғанын көріп өстік. Ал, қазір ше? Қазір мүлдем басқаша. Әдетте тігісінен кеткен киім болмаса, оны қалпына келтірудің тіпті қажеті жоқ-мыс. Жаңасын аламыз. Бітті. Инені түртуге икем келмегесін базарға тартамыз. Ол жақтан арзанынан алсаң, аз ғана уақыт, қымбатына қол жетсе ұзағырақ киесің. Бағасы да солай. Мұндай сәтте кейбіріміз тігіншінің қызметіне жүгінеміз. Себебі талғамыңа сай тігілген киім пішініңе қарай жеті рет өлшеніп, бір рет кесіледі.
Әрі базар бағасынан
әлдеқайда арзан.
Міне осындай қарапайым
болса да, қоғамда
сұранысқа ие тігіншілік
мамандығын таңдаған
жандардың бірі
Т.Көмекбаев ауылының
тұрғыны – Шамшырақ
Жантуарова.
Қолөнерші көрпе, көрпеше көктеп, тігін тігумен жасынан айналысады. Қазір ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып отырған бірден-бір маман. Қыз жасауы, төсек-жабдық, киім-кешекті қалағаныңыздай етіп тігіп беретін шебердің бос уақыты жоқ. Мектеп бітіргеннен кейін тігін ательесінде жұмыс істеген. Ауылдық кеңеске депутат болып та сайланыпты. Біраз жыл қолөнерді кәсіп етіп, 1991 жылдан бері ауыл мектебінде техникалық қызметкер болып жұмыс істейді.
– 2016 жылы тігін цехын ашқым келді. Ауыл әкімі қолдау білдіріп 566 мың қайтарымсыз грантқа қол жеткіздім. Оған 3 тігін машинасын алып, жұмысымды жүйелі жүргізе бастадым. Әзірге көмекшім жоқ. Тапсырысты тек ауылдан қабылдаймын. Зейнетке шығатын күнім алыс емес. Қартайдық деп қол қусырмай демалысқа шықсам кәсіпті кеңейтпекпін. Тігіншілік өнері өте қарапайым болғанымен шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Денсаулық болса халыққа қызмет еткеннен артық не бар?! Тігілген дүниелерге, қолөнерге жастар қызығып, үйренгісі келеді. Қыз баланың ине ұстағаны дұрыс. Қазір бәрі сатып алғанға үйренген. Қолдың дүниесі бөлек болады, – дейді ол.
Көпбалалы ананың ауласында 6 қанатты киіз үйі бар. Жасау жабдығы көз тартады. Оның барлығы өз қолынан шыққан.
Ойланып қарасақ, адам өмірінде мамандық көп. Оны икемімізге қарай ажырата білу өз қолымызда. Кейде халқымызға қалаулы, елімізге елеулі болып қызмет көрсеткіміз келеді. Ол үшін бәріміз бірдей лауазымды қызмет ету шарт емес. Адамға қарапайым мамандықпен де еңбектің нанын татуға, абыройлы болуға болады.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ

05 мамыр 2021 ж. 693 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031