» » Макаронның мықтысы мұнда...

Макаронның мықтысы мұнда...



Ел экономикасының қарқынды дамуы алдымен өзімізге байланысты. Яки жергілікті өндірілген өнімдердің ішкі нарықты толық қамтуы, оның бәсекеге қабілеттігі маңызды. Әрине, елдегі азық-түлік пен тауар өндіруші кәсіпорындар шетелдік өндірушілерді басып озбаса да оларды нарықтан ығыстыра бас­тады. Өнім бар. Демек сұраныс та жоғары.
Бүгінде өз брендтерін қалып­тас­тырып үлгерген түрлі макарон цехы бар. Соның бірегейі делік, аудандағы сауда орындарының сөресінде тұр. Ал мақтан тұтарлығы сол қатарда өзімізден шыққан өнім жайғасқан. Ол – «Тұрмағамбет» сауда белгісімен ауданда танымалдыққа ие болды. Қош. Өткен жылы «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағын макарон цехын іске қосқан болатын. Шаруашылық жанынан құрылған бұл жерде макаронның 5 түрі өндіріледі. Ауылдың 3 адамы ақ халат киіп, қызу жұмысқа білек-сыбана кірісе кеткен. Ал анау жерде Италиядан әкелінген құрылғы алыстан-ақ менмұндалайды. Түрлі функциясымен жалт-жұлт еткен оның мұнда атқарар қызметі жоғары. Цехта күніне 130 қалта өнім өндіріледі. Әртүрлі пішінде дайындалған рожкилер 12 сағат бойы арнайы кептіргішке салынады. Дайын өнім ауыл тұрғындарына сатылуда. Одан соң аудан орталығына жөнелтіліп, орталықтағы сауда орындарына қойылады.
– Жергілікті өнімнің дәмі ерекше. Суды аз тартып, тез піседі. Міне, мына құрылғы макаронның қамырын дайындап, түрлі пішіннен өткізеді. Алдымен 19 келі ұнға 5 литр су, май және тағы да басқа заттарын қосып илегіште қалдырамыз. Әбден иіні қанғанда пішін өткізгіштен әр түрлісін алма-кезек таңдап өткізіп аламыз. Одан соң арнайы кептіргіш бөлмесінде бірнеше сағатқа қоямыз. Макарон кепкен соң қаптамаға салып, дайын өнімді қажетті жеріне тасымалдап отырамыз, – дейді цех меңгерушісі Дархан Жиенәлі әңгіме арасында.
Ауданда күні-түні өнім шығарып отырған макарон цехы көкжиегін де кеңейтпек. Жаңа бастамаға қолдау көрсеткен қармақшылықтардың жергі­лікті өнімге сұранысы да жоғары. «Макаронды кәстрөлдің қақпағын ашып қайнату керек. Оны «al dente» күйіне дейін жеткізіп пісіреді. Бұл италян тілінен аударғанда «тіске жарарлық» деген мағына білдіреді. Яки макарондар тым езіліп кетпеуі қажет. Ал жергілікті макаронымызды көп уақыт қайнатудың қажеті де жоқ. Тез піседі, әрі көп суды қажет етпейді» дейді мамандар сөз арасында.
Айта кеткен жөн болар, бұл жоба «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары» аясында іске асырылуда.
Айнұр ӘЛИ
05 мамыр 2021 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031