» » Азық-түлік бағамы бақылауда

Азық-түлік бағамы бақылауда

ЖОСАЛЫ, 21 наурыз – qarmaqshy-tany.kz ҚАЗАҚСТАНҒА "ТӘЖ ІНДЕТІ" КЕЛГЕЛІ ХАЛЫҚ БАРЫНША ОНЫҢ АЛДЫН АЛУДА. СОҢҒЫ УАҚЫТТА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ МОЛЫНАН АЛЫП ЖАТҚАН ТҮРЛІ БЕЙНЕРОЛИКТЕР ТАРАДЫ. САУДА ОРНЫНЫҢ АРБАСЫНА ТИЕЛГЕН ҚАП-ҚАП ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ БЕЙНЕЖАЗБАДАҒЫ АДАМДАР БІР ОТБАСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІГІНЕ ЖЕТЕТІНДЕЙ ТАУАР САТЫП АЛМАҚШЫ. БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ ОСЫ ОҚИҒА МА? АУДАНДАҒЫ АХУАЛДЫҢ МӘН-ЖӘЙІН БІЛМЕККЕ САУДА ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫҚ. КЕНТТЕГІ ҮЛКЕН АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНІНІҢ БІРІНДЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫНЫҢ "АРЗАН ЕКЕН ҒОЙ" ДЕГЕН СӨЗІН ҚҰЛАҚ ШАЛДЫ.
– Азық-түлік бағасы өспеген. Бірқалыпты. Сөрелерде өнімдердің азайғаны да байқалмайды. Сатушылардың айтуынша баға өспейді. Өнімдер де жеткілікті, – деді кент тұрғыны.
Расымен дүкен сөрелеріндегі тауарлар азаймаған. Азық-түлікті анау айтқандай үйіп-төгіп алып жатқан тұтынушылар жоқ. Бар лығы қаз қалпында сақталған. Бағалары да әдеттегіше қолжетімді.
Иә, соңғы жаңалықтарға байланысты халық арасында тауар мен азық-түлік бағасы өседі деген қауесет бар. Дегенмен, об лыстық ауыл шаруашылығы бас қар масының айтуынша, мұ най бағасының төмендеуі мен дол лардың өсуінен шетелден келетін өнім бағасы артпауы керек. Осы мақсаттағы өзге елдік өнімдердің алдағы үш ай көлемінде жететін жос пары құрылған.
Сондай-ақ өңірлік тұрақтандыру қорында қазіргі таңда жалпы көлемі 1200 тонна азық жинақталған. Атап айтсақ, 436 т картоп, 57 т сәбіз, 222 т пияз, 412 т бірінші сұрыпты ұн, 26 т макарон өнімдері мен 41 т күнбағыс майы бар. Сондай-ақ әр аудандағы көлікпен жеткізілетін тауарлар толықтырылып тұрады.
Өздеріңіз білетіндей кентте сенбі күндері жәрмеңке өтеді. Өткен аптадағы кезекті жәрмеңке кезінде жалпы көлемі 19 тонна өнім әкелінді. Негізгі ұйымдастырушысы "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (Өңірлік тұрақтандыру қоры). Олар аудан тұрғындарына Қарағандыдан әкелінетін картоп тың келісін 75 теңгеден, ал 20 келілік макаронды 2800 теңгеден сатып, көршілес Тараз шаһарында өндірілетін сәбіздің келісін тұрғындарға 75 және жуаның келісін 55 теңгеден ұсынды.
– Жәрмеңкедегі өнімнің бағасы мен сапасы жақсы. Баға базардағыдан әлдеқайда төменірек. Мұндай мүмкіндік жасағандарға алғысым шексіз, – деді кент тұр ғыны Бақытгүл Әжмағамбетова.
Иә, расымен араға көп уақыт салмай өткізіліп отыратын жәр меңкенің тұрғындарға септігі мол. Қап-қап көкөністі үйлеріне арқалап әкететін жандар едәуір ақша үнемдейтіні рас.
Сонымен қатар елде төтенше жағдай жариялануына байланыс ты аудан әкімі М.Қалдарбеков бірқатар сауда орындарын аралап, баға тұрақтылығын бақылады. Аудан басшысы кәсіпкерлерге күнделікті тұтынуға қажетті азық-түліктің бағасын өсірмеуді тапсырды.
– Қиын кезде халыққа ең алғашқы көмек көрсететін, олардың игілігі үшін қызмет ететін – сіздер. Сол үшін бағаны бірқалыпты сақтап, қолжетімді қызмет түрін ұсыныңыздар. Алдағы уақытта да аудан әкімшілігі сауда нысандарындағы бағаны қатаң бақылайды. Тазалық жүй есіне де салғырт қарамаңыздар. Жұмыс орындарыңыздың айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, дезинфекциялау шараларын жүргізіңіз дер, – деді аудан әкімі Мұса Оспанұлы.
Иә, расымен індеттің алдын алу мақсатында атқарылатын алғашқы шараның бірі – тазалық. Арнайы құралдармен дезинфекция жасау, жеке бас гигиенасын сақтау. Сатушылар жұмыс барысында бетперде киіп, белгілі уақыт аралығында тазалау жұмыстарын жүргізу қажет. Азық-түлік саудасымен айналыспайтын дүкендер сағат 17.00-де жабылуы қажет. Осы орайда мәселенің мәнісін білу үшін дүкен әкімшісімен тілдесіп көрдік.
– Қазіргі таңда тауарлардың бағасы тұрақты, өскен жоқ. Ал тазалық мәселесі бірінші орында. Мекеменің қызметкерлері жұмыс барысында арнайы маска тағады. Дүкенде халық азайған кезде техникалық қызметкерлер арнайы тазалық жұмысын жүргізеді. Дүкенді залалсыздандырады, – дейді әкімші Гүлзат Бекенова.
P.S. Қиын кезде жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізге демеу болуымыз қажет-ақ. Әлемді шарпыған індетпен күрес кезінде бізге осы бірлік маңызды. Түнерген бұлттың артынан сәулесін төккен күн шығары анық.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ




21 наурыз 2020 ж. 1 001 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031