» » «Отбасы құру» ойыншыққа айналып бара ма?

«Отбасы құру» ойыншыққа айналып бара ма?

Қоғамда белең алып жатқан ең өзекті проблемалардың бірі – ажырасу. Негізгі себептері: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің қадіріне жете алмауы, әлде, күйеуінің не әйелінің ішімдікке салынуында. Қалаберді, мінез-құлық, материалдық жағдай, жұмыс, баспана, перзент сүйе алмау, құмарлық, өзара сенімсіздік, ата-ене, қайынжұрттың әсері – санай берсек бітуі қиын қисынсыз жағдаяттар.
Отбасы күйрегеннен кейін зардабы ең бірінші балаға тиері сөзсіз. Дәл осы ауыр жағдайдың жүрегінен жарып шыққан бейкүнә баланың сәби жүрегіне өшпестей дақ салғанын ата-ана білер мекен?
Осыдан бірнеше жыл бұрын әрбір төртінші ерлі-зайыпты екі жаққа кететін болса, қазір әрбір екінші немесе үшінші жұп ажырасады екен. Бұл адам жанын түршіктіретін, болашағымызды бұлыңғыр ететін дүние.
«Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты – отбасы құқығын қорғау, отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгершілікпен шешу, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне ықпал жасау. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-анасымен келісімде өмір сүруіне, олардың тұлға ретінде қалыптасуына жәрдемдесу.
Өмір болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламайтын отбасы жоққа тән. Мұндайды қазақы менталитет жұртқа дабыра қылмай, отбасы-ошақ қасындағыны сыртқа шығармайтын. Қазір отбасындағы кикілжіңнің құқық қорғау қызметкерлерінің көмегінсіз шешілетіні кемде-кем. Себебі, ерлі-зайыптыны бір-бірінен бездіретін, ажырасудың ауылын сездіретін себептердің бірі-ащы суға құмарлық, жеңіл жүріс сынды аты да, заты да қорқынышты әдеттер. Қазір тіпті еркекті былай қойып, араққа салынған әйелдер де отбасының берекесін қашыруда. Ұйытқы болар ана, тәрбие берер әке зиян әдеттерімен өз бастарының күйін күйттеп жүрген отбасында қандай ұрпақ өсіп-өнеді?
Ертеректе аталарымыз бен әжелеріміз жоқшылық пен тоқшылықты көрсе де, ажырасу туралы ойламаған. Себебі, қазақта ажырасу деген ұғым ешқашан болмаған. Текті қазақтың тәрбиесі оған жол бермеді. Ал бүгінде қалай? Аға буын көрген қиындықтың біреуін бастан кешпеген жастар қит етсе, ажырасуға асығады. Сонда баяғы махаббат қайда? Ата-ананың абыройы қайда? Екі ортада көздері жасқа, жүректері мұң-шерге толы тірі жетімдерді кім аямақ?
Отбасын құру – ойланып жасайтын қадам. Дана халқымыздың «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейтіні де сондықтан. Жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет деп санаймын.
Е.МӘТЖАНОВ,
аудандық соттың
кеңсе меңгерушісі
28 сәуір 2021 ж. 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031