» » Отбасы - ұлт тірегі

Отбасы - ұлт тірегі

Соңғы уақытта қоғамда отбасылық, еңбек, тұрғын-үй, әртүрлі қарыздарды өндіру жайлы азаматтық-құқықтық даулардын туындайтын даулардың көбеюі - азаматтардың жұмыссыз болуы, отбасылық өмірге дайын болмауы, әлеуметтік қиындықтар адамдар арасындағы кішігірім дауларды ұлғайтып сотқа дейін жеткізуі салдарынан екені белгілі болып отыр.
Жаратылысынан сөзге тоқтаған текті, қаны мен жаны таза қазақ халқы үшін жанұяның шайқалуы, балаларының отбасынан өзге жерде тәрбие алу, жалған сөйлеп адамды алдау, жауапкершілікті сезінбеу жат нәрсе деп айтар болсақ, өкінішке орай қазіргі қоғамда отбасы құндылықтары ескерусіз қалып, жанұядағы жылулық, ата-ана мен бала арасыгдағы түсіністік төмендеп бара жатқаны ащы болса да шындық. Бұл мәселенің қазіргі таңда бүкіл Қазақстан аумағында күн тәртібіне қойылуы әрі заңдылық, әрі қажеттілік. Сотқа түскен әрбір арыздың, әрбір қаралған істің соңында адам тағдыры тұр десек, жаңа ғасыр талабы сол тәрбиеде кеткен ағаттықтың салдарын саралауға емес, адами қасиеттерді ұлықтауға, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға, адамның қоғамдағы орнын түсіне отырып, оның құқығын қорғауға бағытталуы тиіс. Бұл бағытта соттар әкімшілік орындармен, мектептермен, ЖОО тығыз қарым-қатынас орнатып, психологтармен, Ішкі істер органымен, медиаторлармен, билер кеңесімен бірлесе отырып адам құқығына қатысты мүдде ортақтығын ұстанған кезде ғана мәселе өз шешімін табады деген ой туындайды. Әрбір адам өмірінің маңызды бастауы- отбасы! Отбасын құрғаннан соң әулет, ұлыс, ру, онан әрі ұлт қалыптасып, әрбір адам шағын отбасын, яғни мемлекетін құра отырып жалпы мемлекетіміздің іргесін нығайтатынын түсіне отырып, отбасы құндылықтарын сақтауы керек. Статистикалық көрсеткіштер бойынша неке құрған әрбір 3 отбасының біреуі ажырасып кетіп жатқаны, соның салдарынан толық емес отбасында тәрбиеленетін балалар саны, алимент төлеуден жалтарған ата-аналардың, ата-аналық құқығынан айырылған адамдардың, сәбилер үйіндегі балалар санының көбеюіне әкеліп отыр. Бұл жай ғана цифрлар емес, мысалы Қармақшы аудандық сотында 2019 жылы неке және отбасылық даулар бойынша 141 арыз қаралып, оның ішінде 113 неке бұзу санатында, 10- алимент өндіру, 85 –алимент өндіруге сот бұйрығы шығарылған. Қаралған істердің 62 ісі бойынша қанағаттандырылған шешім шығарылса, 38 іс бойынша медиация тәртібімен қысқартылған, 6 іс соттылығымен жолданса, 7 азаматтық іс қараусыз қалдырылған. Бұл мәселені шешуге заңгерлермен бірге психологтар, дін қызметкерлері, медиаторлар барлығымыз қосылып қоғам болып атсалысып отырғанын айта отырып, қазіргі таңда жұмыс жасап жатырған «Отбасылық сот» пилоттық жобасының да негізгі мақсаты осы мәселелерді шешу әдістерін қолданып, ең бірінші орында отбасын сақтау қажеттілігі тұрғанын көзімізді жеткізіп отыр. Сондықтан да сотта татуласу келісімін жасау- қандай жағдай болсын баға беріп, әлде де ойланып, салмақты шешім қабылдау үшін заң беріп отырған тағы бір мүмкіндік. Сонымен қатар уақытыңыз үнемделеді. Егер татуластыру рәсіміне келіссіңіз, онда істі әрі кетсе 5 күнде жабуға болады. Мұндай келісім болмаса, сот ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Ақшаңыз үнемделеді. Мемлекеттік баж, сот шығындары, жол ақысы және т.б. . Бір сөзбен айтқанда уақыт пен ақша шығынынан, теріс эмоциядан сақтанасыз. Кемінде, араларыңыздағы қарым-қатынас сақталады. Жалпы, ең дұрыс шешім - отбасын сақтау, себебі баланың тағдыры да, құқығының қорғалуы да отбасынан басталатынын ұмытпаған жөн.
Рахия Шауханбаевна
Қармақшы аудандық
сотының бас маман 
04 ақпан 2020 ж. 1 806 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031