» » Тұрғын үйге қалай қол жеткізуге болады?

Тұрғын үйге қалай қол жеткізуге болады?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй алу үшін табысы төмен мүгедек балаларды асыраушы отбасы, толық емес отбасы және көп балалы отбасыларды несиелеуге бағытталған 2019 жылғы 04 сәуірдегі №231 бағдарламаға толықтырулар енгізілді.
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан азаматтығы;
2) Өтініш беруші мен онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің меншігінде Қазақстан Республикасы аумағында тұрғы үйінің болмауы;
3) Ағымдағы жыл есебі бойынша отбасының әр мүшесінің табысы төменгі айлық табыс көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) айға орташа кірістің болуы;
4) Некені бұзу мерзімінің 3 (үш) жылдан асуы (толық емес отбасылар үшін); 
5) Еңбек және кәсіпкерліктен кіретін отбасылық табыстың болуы; 
6) Төлем қабілеттілігін растауы; 
7) Жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждығы мен санаты көрсетілген тұрғын үй кезегіне тұруын растауы.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп балалы отбасылар, толық емес және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар үшін 20 жылға дейінгі мерізмге жылдық 2 % - ға тұрғын үй қарыздарды беру жоспарлануда (Бақытты отбасы).
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ есептеулеріне сәйкес отбасының (5 немесе одан көп адам саны бар) 25 250 теңге мөлшерінде түзетілген табысы (тұрғын үй қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсетуді, жәрдемақыларды есепке алмағанда), яғни орта есеппен 1 адамға 5,0 мың теңге болуы несие алудың шарттарының бірі болып табылады.
Аудан бойынша көп балалы отбасылар, толық емес және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар аталған бағдарламаға қатысып тұрғын үйге қол жеткізуіне мүмкіндігі мол. 
Толық мәліметті ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолдаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен алуға болады.
Тел: 8-72437-22262
13 қараша 2019 ж. 816 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031