» » «ОРДА» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРАЙЫ ҚАЛАЙ?

«ОРДА» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРАЙЫ ҚАЛАЙ?

Бұрын үйлі болу үшін ең алдымен қиялындағы үйді ақ қағазға салып, одан соң ақша жинайтын. Ақша жиналған соң жазға дейін құрылыс заттарын алып, дайын болдық-ау дегенде «Асарлатып» іргетасын қалайды. Әйтеуір құмырсқадай тырбыңдаған тіршілік. Бірақ қазір бәрі басқаша. Қала орталығында мемлекет салған зәулім-зәулім ғимараттар. Балалар ойнайтын алаң, серуендеу­ге қолайлы аула. Барлық жағдай жасалған. Тек бағдарлама шартын толық орындаса болғаны.

«Өз үйім, өлең төсегім» деп Жиренше шешен айтқандай, баспана мәселесі басты тақырып болып тұр. «Ипотекаға үй алсаң екі еселеп қайтарасың» дейді кейбірі. Ал енді бірі «алғашқы жарнасын жинап жүремін бе?» деп тағы бұлқынады. Бірі – жалқауланады. Бірі – қымбатсынады. Ал, есесіне той жасап, қомақты несие алып 10-15 жыл төлеп жүргені. Ақша ауаға ұшты деген осы. Егер сол ақшаны ипотекаға ай сайын салып отырсаңыз, «бастысы» үй өзіңізде қалады.
Мемлекет ұсынған тұрғын үй бағдарламалары халыққа жол тартуда. Соның бірі, құрылыс алаңына айналған, облыс аумағында жүзеге асқан «Орда» бағдарламасы. Оңай, қолжетімді, әрі ыңғайлы. Ең қызығы – бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға көмек береді. Ал бағдарлама кімге баспана сыйлайды?
Баспана кезегінде тұрған тұрғындардың сұранысын шешуде аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысының халқын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдарға арналған «Орда» Жол картасы халыққа жол тартты. Мақсат – тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Бағдарлама бойынша қатысушыларға тұрғын үйлер кейіннен сатып алу құқығымен жалға беріледі. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» алғашқы жарнасын жинап беруге мүмкіндігі келмейтін тұрғындар, жаңа үйге қоныстанып алғаннан кейін банк шартын орындауға мүмкіндік алады. Жол картасына қатысушылар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жариялаған пулдарға қатысу үшін алдын ала өтінім береді. Ұсынылған өтінімдер бойынша «ҚТҚЖБ» АҚ қатысушыларға іріктеу жүргізіледі. Содан кейін іріктеуден өткен қатысушылардың тізімін жинақтап, қала немесе аудан әкімдіктеріне ұсынады. Ал, өз кезегінде әкімдіктер іріктеуден өткен қатысушылармен 8 жыл мерзімге тұрғын үйді жалға алуға шарт жасасады. Бұл кезеңде бағдарламаға қатысушы тұрғын үй жинақ жүйесінде тұрғын үй құнынан 50 пайыз алғашқы жарнаны жинаған жалға алушылар тұрғын үйді сатып алу мақсатында 11 жыл мерзімге банктен несие алу үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға өтініш беріп, өздері тұрып жатқан елді мекен әкімдігімен тұрғын үйді сатып алу шартын жасасады.
Тұрғын үйге қатысушыларды екі топқа бөліп қарастырған. Мәселен, І топқа – жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар, атап айтқанда, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, жетім балалар және асыраушысынан айырылған балалар, 1-2 топ мүгедектері, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері кіреді. Ал, ІІ топқа – ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған, 2 жылдан кем емес некеде тұрған отбасылар, балалары бар отбасылар, сондай-ақ жасы 35 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір, тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасылар қамтиды. Тұрғын үй алушының ҚР азаматтығы немесе оралман мәртебесі болуы шарт. Үміткер міндетті түрде сол үй орналасқан елді мекенде тұрақты тіркеуде болуы тиіс. Келесі кезекте «Орда» Жол картасына қатысушының және бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сонымен қатар отбасы құрамына қосылған және өтініште көрсетілген басқа да отбасы мүшелерінің ҚР аумағында сатып алу құқығы мен жалдамалы үйінің немесе меншігіндегі үйінің болмауы қажет. Сондай-ақ, міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін тиісті табыстарымен растауы тиіс.
Өңір тұрғындарының әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді мақсат еткен «Орда» тұрғын үй құ­рылысының «жол картасы» көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді емесі ес­ке­рілген. Сондықтан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Өткен жылдары Қызылорда облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 220 отбасы баспаналы болған. Биыл да 262 пәтер әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарға салынса, облыстық бюджет есебінен 250 отбасы үйлі болады. Ал осындай үйге қол жеткізген жанның бірі, 1 топ мүгедегі Зәуре Өскенбаева «бұл біз секілді адамдарған берілген зор мүмкіндік, үлкен жеңілдік» дейді.
Басты мұңы баспана болған жандар осылайша жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көмегімен пәтерге қол жеткізе алады. Тәуелсіз елдің тұрақтылығының арқасында өміршең бағдарламалардың барлығы да халық үшін игілігі зор. Сол үшін берілген мүмкіндікті тиімді пайдалану – әрбір азаматтың өз қолында.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
24 қаңтар 2019 ж. 1 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031