» » БАСПАНА ҺӘМ БАЙЫПТЫ БАСТАМА

БАСПАНА ҺӘМ БАЙЫПТЫ БАСТАМА

Елбасы үстіміздегі жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Айтулы жылда жастардың бірқатар мәселесі шешімін тауып, оларға қолдау көрсетілмек. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде нақты айтылды. Оның ішінде, тұрғын үй мәселесі назарға алынды.

БАСПАНА – БАСТЫ МӘСЕЛЕ
Рас, баспана – отбасын құрған әрбір жастың алдынан шығатын үлкен әлеуметтік мәселе. Жылы пәтерге қол жеткізу, үйлі болу – кез келген жас пен жас отбасының арманы. Әсте, үстіміздегі жылы бағдарлама аясында біраз жастың асыл арманы орындалып, айы оңынан туатындай. Себебі, оған «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы септігін тигізбек. Дереккөзге сүйенсек, республикада бүгін­ге дейін атау­лы бағдарламаға 6 мыңға жуық адам өтініш білдірсе, соның 3 мыңнан астамының өтініші мақұлданған. Әлбетте, бағдарлама тұрғын үй мәселесін түбегейлі шешеді деуден аулақпыз. Десе де, уақыт өте келе жастардың баспанаға деген мұқтаждығын азайтуға үлесін қосары анық. Жалпы, Қазақстанда басқа да ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы жетерлік. Дегенмен, олардағы пайыздық үстемақы мен қымбат пәтер қарапайым жандарға қолжетімді емес. Бұл орайда, Елбасының қазақстандықтарға арнаған Үндеуінде: «Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар Ұсынатын тетіктер қажет. Сондықтан мен «7-20-25» бағдарламасын ұсынамын» деген-ді. Аталған бағдарлама өткен жылдың ортасынан бастап қолданысқа енді. Оған қызығушылық танытушылар табылуда. Соның бірі – Жосалы кентінің тұрғыны Жанат Шәймерден.
– Жақында аудандық жастар ресурстық орталығына кадр бойынша инспектор болып жұмысқа орналастым. Жұмысым бар, енді баспаналы болуды армандап жүрмін. Елімізде Көкшетаудың курорттық қала ретінде болашағы зор. Осы қаладан үй алсам. Арманымды іске асыруға «7-20-25» халыққа жеңілдетілген несие беру бағдарламасы мүмкіндік беруде. Бағдарламамен баспаналы болуға толық негіз бар. Мысалы, 10 млн. теңге тұратын үйдің бастапқы 20 пайызын, яғни 2 млн. теңгесін алдын ала төлесең, баспана ала аласың. Тағы бір шарты – тұлғаның басында несиесі болмауы тиіс. Бұл – Мемлекет басшысының қазақстандықтарға жасаған қамқорлығы әрі мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп отырған қолдау. Осы бағдарламамен үй алудан үміттімін, – дейді жас маман.

«БІЛГЕНІМ – БІР ТОҒЫЗ»
Ұлттық банктің ұйғарымымен «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 6 банк жұмыс істеуде. Атап айтар болсақ, олар – «Центркредит банк», «АТФ банк», «Халық банк», «Цесна банк», «Еуразиялық банк» жән «РБК банк». Оларға қосымша «Форте банк», «Сбербанк», сондай-ақ «Тұрғын үй жинақ банкі» қосылады деген болжам бар. Мұның басқа бағдарламадан айырмашылығы – айтулы бағдарлама жаңа үйлерге ғана арналған. Басқамен шатастыруға болмайды. Қазір шыны керек, қолжетімді бағдарлама жайында екінің бірі жыр ғып айтып жүр. Қомақты қаржы операциясы жүрген жерде алаяқтықтың орын алатыны бар. Осындай эмоцияға толы сәтті кейбіреу жеке мүддесіне пайлануды да ойлайтыны өтірік емес. Ондай – адамдар да, құрылыс компаниясы мен қаржылық ұйымдар да кімді болсын сан соқтырып кететінінен сақтанғанының зияны жоқ. Бағдарлама бойынша несиені тек серіктес-банк беруге құқылы.

ӨЗГЕНІКІ ЕМЕС, ӨЗІМДІКІ
Жұматай Сағымбаевтың пәтер жалдағанына жеті жылдан асыпты. Сол кезде дүниеге келген Алғашы жақында жетіні толтырып, атжалын тартып мінді. Оның артынан 2 інісі мен 1 қарындасы дүниеге келді. Жас отбасының отанасы мектепте мұғалім болса, отағасы құрылыс мекемесінде жұмыс істейді. Ерлі-зайыптының тіртінектеп жиған азын-аулақ ақшасы оларға өмірдің жаңа бір көкжиегін сыйлағандай. Жас жанұя бағдарламамен теледидар арқылы танысқан. Бүгінде олар буып-түйіп отырған қаржысын «7-20-25» бағдарламасына салуды көздеуде.
– «Өз үйің – өлең төсегің». Пәтерде де тұрып жүрміз. Пәтер – кісінікі. Түсінеміз, несие – тегін дүние емес, қарыз. Әлбетте, өмір бойы пәтер жалдап, бала-шағаны сүйреп жүру – жүйкеге де салмақ салады. Оның қасында қиналып несие төлесең де, соңында сол баспанаң өз басыңда қалып, үйге қолың жетеді, – дейді кейіпкеріміз.
Түйін:
Не нәрсеге де тәуекел керек. Өйткені тіршілікте тәуекел етпеген адамға қарағанда, тәуекел еткен көп жетістікке жетеді. Ойланып-толғанып жүргенде уақыттан ұтыласың. Егер саған мемлекет осындай мүмкіндік беріп тұрса, неге оны тиімді пайдаланбасқа.

Сәрсенкүл АҚКІСІ
17 қаңтар 2019 ж. 1 144 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 10:02
Priligy Generico Opiniones Does Amoxicillin Smell Expire buy cialis Wiki Amoxicillin Acheter Cialis Prix

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031