» » Саулық сақтанудан басталады

Саулық сақтанудан басталады


Көктем келгелі біраз шектеулер алынып, тіршілік қайта жандана бастап еді. Қатаң карантиндік талап қойылғанымен, ел арасындағы қонақ шақыру, той жасау үрдістері қайта көбейді. Жұртшылықтың көпшілігі санитарлық талапты сақтамай, босаңсып кеткен соң індет өршіп, еліміздегі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн сайын артуда.
Былтырғы жағдай ел есінен әлі ұмытыла қойған жоқ. Жұқпалы ауру ел алдында жүрген бірқатар атпал азаматтардың да өмірін қиғаны бәрімізге аян. Сол жағдай қайталанбас үшін сақтықты күшейтіп, талапқа бағынған жөн. Дәл қазір той тойлап, қонақ күтетін уақыт емес, барынша тәртіпке көніп, індеттің іргесі алыстағанша сабырлық танытатын кезең. Денсаулықта болғымыз келсе сақтық шарасын естен шығармағанымыз абзал.
Алмасбек ҚАРЖАУБАЕВ,
аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі
14 сәуір 2021 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 115
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031