» » Екпе ерікті түрде салынуда

Екпе ерікті түрде салынуда

Елімізде ақпаннан бастап індеттің жұғуын болдырмас үшін жаппай екпе егу жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында нақты тапсырма жүктеп, оны сапалы өткізу үшін барлық жағдай жасалуы тиіс деген болатын.
Ауданымызда «Covid-19» инфекциясына қарсы егу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бірінші кезекте екпені медицина қызметкерлері алып бастады. Алғашқылардың бірі болып ауданның бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев емханада «Covid-19» қарсы Ресейде өндірілген «Спутник V» екпесін салдырған болатын.
Екпе салмастан бұрын алушының денсаулық жағдайы тексеріліп, эпиде­миологиялық анамнезі жинақталады. Вакцина қабылдауға қарсы көрсетілім жағдайы бол­мағаны ескеріліп, екпе егіледі. Екпе салынғаннан кейін 30 минут дәрігер қадағалауында болу үшін медициналық бақылау аймағына жіберіп, мамандар вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жүргізді. Айта кетерлігі, екпе салынған соң үш күн дәрігер бақылауында болуы тиіс. Екпенің әсері тек алғашқы үш күнде байқалатындықтан ауырсыну сезімдері уақытша болады дейді дәрігер мамандар.
Екпені өз еркімен алатын жандардың қатары күн санап көбейіп келеді. Ауданда да ерікті түрде екпе алған жандар бар. Соның бірі – №250 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Әбдіқази Пірімжаров.
– Вакциналау бәріміз үшін маңызды. Себебі қоршаған ортамызда жалпы адамзаттың денсаулығы мәселесі туындап отыр. Өзім де ерікті түрде екпе салдырдым. Жағдайым жақсы. Қорқыныш болған жоқ. Ешқандай қолайсыздық сезілмеді. Алдын ала денсаулық жағдайын тексерген соң екпе салдырдым. Кері әсері болған жоқ. Үш күн дәрігер бақылауында болдым, – дейді мұғалім.
Жаппай вакциналау кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне түгел салынса, екінші кезеңде вакцинация бірінші кезеңге кірмеген орта мектептердің, жоғары оқу орындарының мұғалімдерін, медицина қызметкерлерін қамтиды. Ал үшінші кезең мектеп-интернаттардың, балабақшалардың мұғалімдерін, оқу­шылар мен созылмалы аурулары бар адамдарды қамтиды.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
13 сәуір 2021 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031