» » Ауданда екпе ерікті түрде егілуде

Ауданда екпе ерікті түрде егілуде



Қызылорда облысындағы барлық ауданда ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозалары салынуда. Мәселен, Қармақшы мен Жалағаш ауданына 100 дозадан жеткізілді. Басым бөлігі медицина саласының қызметкерлеріне салынуда.
«Ауданда екпе салу ерікті түрде жүргізілуде. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, мұғалім, мемлекеттік қызметкерлер және аудан тұрғындары қабылдайды. Екпе салынған пациенттердің жағдайлары қанағаттанарлық. Олар 3 күн бойы бақылауда болды. Жанама әсерлер байқалмады. Вакцинациялаудың екінші кезеңінде 3300 доза келеді», – деді Жалағаш ауданаралық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Аманкүл Маханбетова.
«Қармақшы ауданында екпе егу жұмыстары 9-15 наурыз жүргізілді. Аудан бойынша 100 адамға егілді. Оның ішінде, 94-і бірінші болып жұқпалы аурулар бөлімшесінің, жедел медициналық көмек, реанимация, жалпы тәжірибелік дәрігеріне, қабылдау бөлімшесінің медицина қызметкерлеріне салынды. Егуден кейін асқынулар тіркелген жоқ. Алдағы уақытта 320 дана Спутник-V вакцинасы күтілуде. Келген уақытта жоспар бойынша мұғалімдер қамтылады. Мен өзім де коронавирус инфекциясына қарсы екпені салдырдым. Ешқандай кері әсер болған жоқ. Барша халықты бұл індетті жою үшін вакцинациялауға шақырамын», – деді Қармақшы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев.
26 наурыз 2021 ж. 753 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 854
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 573

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930