» » Балабақша – бақыт мекені

Балабақша – бақыт мекені

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Жас ұрпақтың тәрбиесі алдымен балабақшадан басталады. Біздің өңірде де баланы жастай жақсыға үйретіп, мектепке дайындайтын орталықтар бар. Солардың бірі – кент орталығындағы №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы.
Бөбекжай-бақша 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ал 2017 жылы екі қабатты, талапқа сай жаңа ғимаратқа көшкен. Мақаланы жазу барысында балабақшаға арнайы барып, жұмысын көзбен көрдік. Есіктен кіргеннен-ақ санитарлық талаптың қатаң сақталғаны, тазалықтың тәртіпке сай екені анық байқалды. Дәліздегі табиғат аясы, робототехника, ұлттық заттармен әрленген бұрыштар шебер ұйымдастырылған. Баланың ой-танымын арттырар ойыншық түрлері де балабақша қорында қамтылған. Жалпы ұжымда 37 қызметкер еңбек етеді. Бүгінде 5 топта 70 бала тәрбиеленуде. «Бала үшін ең жылы орын – балабақша» деген ұстанымды төріне іліп, көңіліне түйген қызметкерлер баланың жарқын болашағы үшін барын салуда.
– Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі бұл мекен жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Мұнда ең бастысы, балалардың бір-бірімен араласып-құраласып, ой-өрістері мен қарым-қабілетін арттыруға баса ден қойылған. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың балабақшадан үйренері көп. Себебі дәл осы жас аралығындағылардың оқуға қабілеті жоғары. Әлемдік тәжірибеге сүйенген балабақша ұжымы мектепалды білім беру сапасын күшейтпек. «Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі» қағидасымен келешекке қадам басудамыз, – дейді балабақша меңгерушісі Марина Маханова.

Мұнда оқыту жүйесі «мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» үлгілік оқу жоспары мен үлгілік оқу бағдарламасына негізделген. Мектепке дейінгі ұйымда балалардың табысты бейімделуі мен дамуы үшін жағдай жасалынған. Мектеп жасына дейінгі балаларды мәдени және гигиеналық дағдыларға, күн тәртібін, ұйымдастырылған оқу қызметін сақтауға, өзін-өзі үйрету дағдыларын қалыптастырып және оларды күнделікті өмірде қолдануға баулуда. Сондай-ақ әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады. Іс-шаралар өткізуге арналған заманауи сұранысқа сай робот техникасы, музыкалық аппаратура, электронды фортепиано бар. Бейне камералар орнатылған. Сондай-ақ интернет желісіне қосылған проектор және интерактивті тақта да бар. Барлығы бүлдіршіннің білім алуына қызмет етуде.

Бөбекжай-бақшаның балдырғанға берер тағы бір мүмкіндігі бар. Мұнда қосымша би, музыка, спорт үйірмелері бар. Талапты балалар талантына қарай тәлім алуда.
– Жақында аймақтық семинар өткізілді. Қазіргі таңда сәуір айында өтетін облыстық семинарға дайындалудамыз. Бөбекжай-бақшамызда лего-конструктор мен робототехника жаңа заманауи бағытта жаңа бағыт болып табылады және оқу қызметтерінде мамандар және тәрбиешілер пайдаланады. «Тәй-тәй» технологиясы, «ойын» технологиясы бөбекжай-бақшамыздың педогикалық процесінің маңызды бөлігіне айналған. Біз үшін әрбір баланың орны бөлек. Басты мақсат – жан-жақты, ел ертеңіне айналар тұлғаның діңгегін қалыптастыру, – дейді меңгеруші.
Балабақшаның жай-күйін біліп, сыртқа шыға бергенде баласын алуға келген ата-анамен жолығып қалдық.
– Мектепке барғанға дейін балақандар мынадай жаңа үлгідегі балабақшада тәрбиеленуде. Осы жерде жасына сай базалық білім алып, зейінін қалыптастыратын ойын түрлерін үйренеді. Тек бұл ғана емес, саламатты өмір салтына бейімделіп, өнерге аяқ басады. Балам осында келгелі белсенді. Түрлі тақпақ жаттап, ән айтуда. Апайлары да мейірімді, бізбен де жақсы қарым-қатынаста. Жалпы ұжымның жұмысы көңілімізден шығады, – дейді олар.
Ата-ананың ризашылығынан артық қандай баға бар? Баласының білімге деген алғашқы баспалдағы ретінде сенім білдіріп, табыстаған ұжымға риза болған аналарды көріп қуанып қалдық.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (суреттер)
25 наурыз 2021 ж. 2 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031