» » Жолдасымның кәсібін жалғап келемін

Жолдасымның кәсібін жалғап келемін

Әнеугүні ауылдан аудандағы емханаға көрінуге келген жеңгемнің екі кештің арасында адамды әбден састырмасы бар ма? Түн болғанда кәуап жегім келіп тұр деп ағама қиылғандай еркелікке басты. Қайдан білейін жерік екен ғой. Жерігін тауып бере қоятын ағамда 15 күндік жұмысқа кеткен. Амал жоқ «ақ қайным» деп маған қолқа салды. Енді қайттім. Керегін тауып бермесем тағы болмайды. Аудандағы кәуап пісіретін орындарды сұрастырып, телефонға жан-жаққа шықтым. Жауап қатқандар «Шырын апада бар» десті. Байланыс нөмірін алып дереу қоңырау шалдым. Айналып қана кетейін іздегенім табыла кетті. Тіпті мекен-жайымды сұрап жеткізіп беретінін айтты. Содан не керек, тапсырысымыз демде жетіп, жеңгемнің алдында бір ерлеп қалдым.
Аудан орталығындағы «Қармақшы» мейрамханасының төменгі қабатында кәуап пісіретін орынды білмейтін аудан жұртшылығы жоқ шығар. Қасынан өткен сайын сексеуілдің түтіні мен кәуаптың иісі тәбетіңді ашып, бір дәм татқызбай жібермейтіні анық. Көбіне жұрт «Шырын апаның кәуабы» деп таныстырып жатады. Толық айтсақ осы кәсіпті дөңгелетіп отырған кәсіпкер – Шырын Оспанова. Негізінде бұл кәсіптің қанат жайып өркендеуі тым әріректе.
Марқұм Әбілқайыр Көбеков ағамызды танымайтын қармақшылық жоқ шығар сірә. Ол кісі сонау 1993 жылы жолдасы Шырын екеуі Шымкент – Самара автодәлізінің бойынан шағын кәуапхана ашып, кәсібін бастаған.
– Ол уақытта кентте асхана, кафе деген жоқтың қасы. Ашқан кәуапханамызды кеңейтіп асханаға айналдырдық. Түрлі тағамдар дайындап, жолшыбай өткен жолаушыларға дәмді асымызды ұсындық. Сапарға шыққан шетел азаматтарын да талай күттік қой. Асханамыз кенттен алыс болса да мұндағы жұрт бізге келіп тамақтанды десем артық айтпаймын. Ел тоқырауға ұшыраған уақытта бала-шағаны асырап осылай күн көріп, кәсібімізді дөңгелеттік, – дейді кейіпкеріміз.
1993 жылы басталған шағын кәсіп осылайша сол орында 2014 жылға дейін қызметін тоқтатпайды. Кейін жаңа жол салынып, көне жолдың жабылуына байланысты кәсібін аудан орталығында жалғастырады. Қазір таңда мұндағы кәсіп қанат жайған.
– Жұбайым осыдан екі жыл бұрын өмірден өтсе де артындағы балалары ізін жалғап келеді. Шүкір бәрі бір-бір кәуапхана ашып халыққа қызмет көрсетуде. Одан бөлек елдің сұранысында жүрген дөнер, пицца, тағы басқа дәмді тағамдар дайындап тапсырыс алып жүр. Балаларымның бауырмалдығында шек жоқ. Бірінің жоқтығын біріне білдірмей көмектесіп отырады. Осыларға қарап әкелері жақсы тәрбие мен жол көрсетіп кеткеніне іштей қуанамын, – дейді ағынан жарылған Шырын апа.
Кәсібінен береке тапқан кейіпкеріміз жұбайы екеуі ұлын ұяға, қызын қияға қондырған үлгілі отбасы. Олардан сүйген тоғыз немересін ең үлкен бақыт деп санайды.


Ерсін СӘДУҰЛЫ

18 наурыз 2021 ж. 978 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 433

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930