» » Кәуап. Көкке шығамын десеңіз

Кәуап. Көкке шығамын десеңіз

Көкке шығамын десеңіз Мамырдың мамыражай шақтары келе жатыр. Табиғатқа шығудың ең бір жақсы амалдары енді басталмақ. Көкке шыққандағы ең көп дайындалатын тағам – кәуап. Ал көбіміз кәуапты отқа күйдірілген ет деп түсінеміз. Ал расында тіпті де олай емес. Сонымен, қағаз-қаламыңызды ала отырыңыз... Кәуапты маринадқа салу Маринад етті өзгеше дәмді ету үшін пайдаланылады. Оның үстіне маринадқа салынған ет жұмсара түспек. Оның құрамында сірке суы (уксус), тұз және дәмдеуіштер бар. Егер қаласаңыз, күнбағыс майы немесе зәйтүн майын қоссаңыз әбден болады. Ең бірінші жасайтыныңыз: етті турап алу қажет, кейін оның бетіне жуа (пияз) салып, үстіне алдын ала дайындалған маринад құю керек. Маринад қосылған етті уақыт өтпей араластырып отыру қажет. Егер тауықтың еті болса, оны маринадқа салғаннан кейін 2-3 сағаттан соң-ақ қуыра беруге болады. Қойдың еті кем дегенде 4 сағат маринадталса дұрыс. Ал ең дұрысы – түнге қою. Маринадтау түрлері Дәстүрлі маринад: сірке суы, тұз, ащы, дәмдеуіштер, өсімдік майы. Айта кету керек, мұндай маринадтау түрін тек уақыт тығыз әрі басқа қоспалар жоқ жағдайда қолданған жөн, себебі сірке суы етті құрғатып жібереді. Ащы маринад: йогурт, кайен бұрышы, лимон сусыны. Қышқыл-сүтті: йогурт, сарымсақ, даршын немесе дәм қабық (ас дәмдеу үшін колданылатын кейбір тропикалық өсімдіктердің кептірілген хош иісті қабығы), кардамон (зынжабыл тұқымдас өсімдік). Лимонды: лимон сусыны, зәйтүн майы, райхангүл, жалбыз (мята). Орысша маринад: квас, жуа (пияз), бал. Соялық маринад: соя соусы, оған майдалап туралған сарымсақ пен қытайдың бес бұрышы қосылады. Осы айтылғандардан басқа да көптеген маринадтау түрлері бар. Ал қайсысы дұрысын сіз шешесіз. Әрине, талғамыңызға салып... Кәуап қалай дайындалады? Пикник болатын күні дайындалып қойған етті ошаққа қою керек. Сымдармен шаншылған етті ашық отқа емес, шоққа қойғаныңыз абзал, себебі от еттің бетін ғана күйдіріп, толық пісірмейді, ал шоқ қызуы еттің сырты мен ішіне бірдей қызу береді. Достарыңызды таңдандырамын десеңіз: Шампурға «тізімдеуде» ірілеу ет бөлшектерін орта тұсына орналастырғаныңыз абзал. Етті шаншымай тұрып, шампурды маймен сүртіп, отқа азын-аулақ қыздырып алыңыз. Еттердің арасына кәді (баклажан), жуа, қызанақ және тәтті бұрыш араластырып салсаңыз, дәмдірек болмақ. Ет қызып жатқан сәтте, шампурды айналдырып отыру қажет, себебі бір жағы пісіп, екінші жағы піспей қалуы мүмкін. Осы дайындау барысында дайындалған маринадты кәуапқа құйып отыру қажет. Кәуаптың дайын болғанын қалай анықтауға болады? Етті пышақпен кесіп көру керек. Егер одан алқызыл түсті сұйықтық шықса, онда әлі дайын болмаған. Түссіз сұйықтық оның дайын болғанынан хабар береді. Ал егер сұйықтық болмаса, кәуап бұзылған. Оны жеуге болмайды.


21 сәуір 2018 ж. 1 831 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031